Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осы 18-ді ұстағым келіп жүр еді": Жұлдыз Әбдукәрімова Гүлзира Айдарбековаға тосынсый жасады

Жұлдыз бен Гүлзира
Фото: nstagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға жаңа телефон сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол сыйлығын табыстамас бұрын тосынсый әзірлегенін айтып, енесінің қуанышын көпшілікпен бөлісуді жөн көрген.

“Бүгінде жаңадан бургунди түсті iPhone 18 шығып жатыр. Міне, қолымда тұр. Бұл сыйлық – анамызға! Анамыз білмейді. Реакциясын бірге көреміз”, – деді әншінің жары.

Келіні үйге келгенде Гүлзира Айдарбекова теледидар көріп отырған. Жанына жақындап, түртіп қалған келінінен селк еткен ол сыйлық туралы естігенде, оның не екенін бірден болжаған.

Телефонды қолына алған әншінің анасы дәл осы үлгіні алғысы келіп жүргенін айтып, қуанышын жасырмады.

“Осы 18-ді ұстағым келіп жүр еді. Тұла бойым тұңғышымның сүйіктісі, менің алғашқы қуанышым – келінімнен сыйлық. Құрбыларымның арасында бірінші болып iPhone 18-ді мен ұстадым. Алла баршаңызға осындай бақ берсін. Ене мен келін тату болсын”, – деп ризашылығын білдірді Гүлзира Айдарбекова.

Ол келінінің ықыласына алғыс айтып, барша отбасына осындай сыйластық тіледі.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 22 Қыркүйек, 2026 17:45