Қазақстанның 17 өңірінде тұман түсіп, бірнеше облыста көктайғақ болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана, Алматы және Қонаев қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Астана қаласында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болып, жолдар тайғақ болады. Аталған өңірлерде жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр.
Сонымен қатар Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ұлытау облыстарының жекелеген аудандарында желдің екпіні күшейеді.
Бұған дейін синоптиктер жаңбыр мен қар аралас жауатын өңірлер мен қатты жел болатын өңірлерді екіге бөлді. Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарында жауын-шашын мен қар жауса, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында, Батыс Қазақстан облысында, Атырау және Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қатты жел болды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма

