Қар аралас жаңбыр мен тұман: Қазақстанның бірнеше аймағында күн суытады
РГП “Қазгидромет” болжамына сәйкес бүгін Қазақстанның 17 аймағында дауыл болады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Қазгидромет” жаңбыр мен қар аралас жауатын өңірлер мен қатты жел болатын өңірлерді екіге бөлді.
Жауын шашын мен қар аралас болатын аймақтар:
- Жетісу облысы;
- Түркістан облысы;
- Жамбыл облысы;
- Ақтөбе облысы;
- Маңғыстау облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Абай облысы;
- Қарағанды облысы
- Ұлытау облысы;
Қатты жел болатын аймақтар:
- Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында екпіні 23–28, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары;
- Батыс Қазақстан облысында 15–20 м/с;
- Атырау облысында 15–18 м/с;
- Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 15–20 м/с.
Еске сала кетейік, "Қазгидромет" қараша айына арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын жариялады. Келер айда елдің басым бөлігінде күн әдеттегіден жылы болғанымен, айдың екінші жартысында елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында түнгі аяз -18 градусқа дейін жетпек.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”
