Қаскелеңде жалаңаш ер адам мектепке терезеден кіріп кетті
Қаскелеңде жалаңаш ер адам мектеп аумағына мектеп ғимаратына еш кедергісіз кіріп кетті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға сәрсенбі күні Отарвановка шағынауданындағы Әлімқұлов атындағы мектепте болғаны хабарланды.
"Мектеп әкімшілігі мен жауапты органдардан болған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқу орнында күзет пен ғимаратқа кіруді бақылау жүйесі қалай ұйымдастырылғанын түсіндіруді сұраймыз", – деп жазды желідегілер.
Алматы облысының Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Оқушылар мен мұғалімдер арасында зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық істі тергеу аясында күдіктінің психикалық денсаулығы да тексеріледі", – делінген ведомство хабарламасында.
Дереккөздердің мәліметінше, полиция "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Тараз қаласының полиция қызметкері көліктің терезесінен жерге түкірген бейнеролик тараған еді. Сол кезде полицейдің “Ұсақ бұзақылық” фактісі бойынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылған.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”
