Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық полицей көліктің терезесінен жерге түкіргені үшін жазаланды

оооооо
Фото: Бейнероликтен үзінді

Әлеуметтік желіде Тараз қаласының полиция қызметкері көліктің терезесінен жерге түкірген бейнеролик тарады. Осы жағдайдан кейін ол “ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кадрларда патрульдік көліктегі полиция қызметкерінің терезеден басын шығарып, жолға түкіріп тұрғанын көруге болады.

Сондай-ақ, жазба авторы жолаушы орнында отырған екінші полицейдің кеудедегі бейнетіркегіші көрінбегеніне назар аударды. Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша, қызметтік көлік қауіпсіздік ережелерін сақтамай қозғалған.

“Оның нәтижелері бойынша полиция қызметкеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа қарауға жіберілді”, – деп жауап берді Полиция департаменті.

Еске сала кетейік, Павлодарда полиция қызметкері жүргізушіден пара алып, оны жауапкершіліктен босатқан. Салдарынан өзі заң алдында жауапқа тартылды. 

Ислам Әден
Сәрсенбі, 04 Қараша, 2026 16:45