"Ел үні – 2026": Қазақстандықтар әкімдердің жұмысын бағалап, дауыс бере алады

Биыл еліміздің бірқатар өңірінде әкімдер ауысып, жаңа басшылар қызметіне кірісті. Ал кей аймақтарда бұрынғы әкімдер жұмысын жалғастырып келеді. Әр әкім өз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, тұрғындардың мәселесін шешуге жауапты. Бұл ретте халықтың пікірі, ұсыныстары мен талаптары әкім жұмысына берілетін қоғамдық бағаның маңызды көрсеткіштерінің бірі саналады. Осыған орай қазақ тіліндегі ең ірі ақпараттық ресурстардың бірі Stan.kz осымен үшінші рет өңір тұрғындарының пікірін білуге арналған "Ел үні – 2026" рейтингтік жобасын ұсынады. Жоба аясында қазақстандықтар өз өңірінің әкіміне баға бере алады. Сіз өз облысыңыздың немесе қалаңыздың әкіміне қандай баға берер едіңіз?
Дауыс беру ашық түрде өткізіледі және оған барша қазақстандық қатыса алады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша үш номинацияның жеңімпаздары анықталады:
- "Ең белсенді әкім";
- "Тұрғындар үміті";
- "Антирейтинг".
Нәтижелер көпшілікке ашық жарияланады. Әр тұрғын дауыс беру арқылы өз таңдауын жасап, әкімдердің жұмысына қатысты көзқарасын білдіре алады.
Дауыс беру 24 қарашада басталып, 1 желтоқсан күні аяқталады.
Дауыс беру нәтижелері 3 желтоқсанда жарияланады. Өз дауысыңызды қалдырып, елді жақсы жаққа өзгертіңіз!
Сондай-ақ жоба аясында Қазақстан өңірлеріндегі өмір сүру сапасының рейтингі құрастырылады. Ол халықтың әл-ауқаты, климаттық жағдайынан бастап он көрсеткішті біріктіреді. Біз әр ақпаратты шынайы көрсету үшін жобаға қолжетімді болған материалдарды назарларыңызға ұсынамыз. Мысалы, аймақтарды салыстыру деректері. Сол арқылы кімнің көш бастап, кімнің көш соңында қалғаны бір айдың ішінде анықталады.
Рейтингті осы жерден бақылай аласыз.
Биылғы рейтингте:
- Уәли Берік Уәлиұлы (Абай облысының әкімі)
- Шахаров Асхат Берлешұлы (Ақтөбе облысының әкімі)
- Ахметжанов Марат Мұратұлы (Ақмола облысының әкiмi)
- Әрінов Шыңғыс Сайранұлы (Алматы облысының әкімі)
- Ақшолақов Болат Оралұлы (Атырау облысының әкімі)
- Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы (Шығыс Қазақстан облысының әкімі)
- Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы (Алматы қаласының әкімі)
- Жеңіс Махмудұлы (Астана қаласының әкімі)
- Ғабит Әбдімәжитұлы (Шымкент қаласының әкімі)
- Ербол Шырақпайұлы (Жамбыл облысының әкімі)
- Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы (Жетісу облысының әкімі)
- Нариман Төреғалиұлы (Батыс Қазақстан облысының әкімі)
- Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы (Қарағанды облысының әкімі)
- Ақсақалов Құмар Іргебайұлы (Қостанай облысының әкімі)
- Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы (Қызылорда облысының әкімі)
- Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы (Маңғыстау облысының әкімі)
- Байханов Асайын Қуандықұлы (Павлодар облысының әкімі)
- Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы (Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi)
- Көшеров Нұралхан Оралбайұлы (Түркістан облысының әкімі)
- Байкен Есет Берікұлы (Ұлытау облысының әкімі)
Сіз де шет қалмай, әкімдер рейтингіне дауыс беріп, өз өңіріңіздің дамуына қатысты пікіріңізді білдіріңіз!
Еске салайық, Stan.kz ақпарат агенттігі 2024 жылы да "Ел Үні" рейтингтік жобасы аясында Қазақстанның 20 өңір басшысының жұмысын бағалау үшін ашық дауыс беру өткізген еді. Рейтинг қорытындысы бойынша әкімдер бірнеше номинация бойынша іріктелді. "Тұрғындар үміті" номинациясын Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев алса, "Ең белсенді әкім" номинациясын Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев иеленді.
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады