Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Медиа саласы: трендтер мен сын-қатерлер": Алматыда MediaҚұрылтай-2026 конференциясы өтеді

MediaҚұрылтай-2026
Фото: MediaҚұрылтай-2026

27 қарашада Алматы қаласындағы "Интерконтиненталь" қонақүйінде XVIII жыл сайынғы MediaҚұрылтай-2026 конференциясы өтеді. Бұл – медиаиндустрия көшбасшылары, сарапшылар мен мемлекеттік органдар өкілдері бас қосып, саладағы өзекті мәселелерді талқылайтын және медиа бизнесті дамыту тәжірибесімен бөлісетін тұрақты алаң. 17 жыл ішінде конференцияға 2 мыңнан астам адам қатысқан.

Биылғы конференцияда саланың жүйелі мәселелері, ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллектіні дамыту және технологиялық сын-қатерлер басты назарға алынады.

Бағдарламада:

  • Қазақстанның медиа нарығы қай бағытта дамып жатыр және іскерлік басылымдардың оқырмандары арасында қандай форматтар сұранысқа ие;
  • журналистердің қаржылық тәуелсіздігі;
  • Орталық Азиядағы БАҚ-тың дамуы мен тұрақтылығын нығайтуда аудиторияны зерттеудің маңызы. Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстандағы медианы тұтыну ерекшеліктеріне қатысты жаңа зерттеулер таныстырылады;
  • журналист жұмысында нейрондық желілерді қолдану бойынша практикалық шеберлік сабағы;
  • Михаил Дорофеев атындағы тәуелсіз медиа сыйлығын табыстау рәсімі.

Қатысушылар: мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстанның жетекші медиа ұйымдарының бас редакторлары, жарнама нарығы мен қаржы саласының сарапшылары.

Ұйымдастырушы: Қазақстан баспасөз клубы.

Ресми серіктес: "Кселл" АҚ.

Қолдау көрсетушілер: KAZ Minerals, Allur, "Halyk Life" АҚ, "Carlsberg Kazakhstan" ЖШС, Еуразиялық банк, Thomson Foundation, "Эйр Астана" АҚ, PG Communications, Nabroski.

Ақпараттық серіктестер: Besmedia.kz, Bizmedia.kz, Stan.kz, Optimizm.kz, Nur.kz.

Онлайн трансляция: https://www.youtube.com/user/Pressclubkz

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 24 Қараша, 2026 19:15