Қазақстанда доллар бағамы күрт өсті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 24 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллар 4,34 теңгеге қымбаттап, 459,43 теңгеге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
KASE деректеріне сәйкес, шетел валюталарының орташа сараланған бағамы төмендегідей қалыптасты:
-
Доллар – 459,43 теңге;
- Еуро – 503,24 теңге;
- Рубль – 5,609 теңге;
- Юань – 68,9 теңге.
Доллар бағамының өсуімен қатар әлемдік мұнай нарығында да төмендеу үрдісі жалғасып келеді.
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 0,22%-ға арзандап, барреліне 89,17 доллар болды. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) америкалық WTI маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 0,27%-ға төмендеп, барреліне 79,95 долларды құрады.
Айта кетейік, мұнай бағасы Қазақстан экономикасы үшін маңызды факторлардың бірі. Себебі мұнай – еліміздің негізгі экспорттық тауарларының бірі. Дегенмен теңге бағамының өзгеруіне тек мұнай нарығындағы ахуал ғана әсер етпейді.
Ұлттық валютаның бағамына бизнес тарапынан шетел валютасына деген сұраныс, Ұлттық қордан сатылатын валюта көлемі, Ұлттық банктің ақша-несие саясаты және әлемдік нарықтағы доллардың жағдайы да ықпал етеді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда доллар бір күнде 6 теңгеге қымбаттағаны туралы жазған едік.
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады
