Қазақстандағы "Ел Үні – 2024" әкімдер рейтингісінің нәтижесі жарияланды
Қазақстандықтар дауыс берген "Ел Үні – 2024" рейтингтік жобасының қорытындысы белгілі болды. Жоба аясында әкімдердің жұмысы бірнеше номинация бойынша бағаланды. Stan.kz оқырмандар таңдаған әкімдердің тізімін ұсынады.
Қазақ тіліндегі ең ірі ақпараттық ресурстардың бірі Stan.kz екінші рет ұйымдастырған "Ел Үні – 2024" рейтингтік жобасының нәтижесі жарияланды.
Жоба өңір тұрғындарының пікірін ескере отырып, әкімдердің жұмыс сапасын бағалауға бағытталған. Дауыс беру ашық түрде өтіп, оған Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары қатыса алды.
Рейтинг қорытындысы бойынша әкімдер бірнеше номинация бойынша іріктелді.
"Тұрғындар үміті" номинациясы:
- Ғабит Сыздықбеков – Шымкент қаласының әкімі;
- Марат Ахметжанов – Ақмола облысының әкімі;
- Ермек Көшербаев – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

"Ең белсенді әкім" номинациясы:
- Асхат Шахаров – Ақтөбе облысының әкімі;
- Нариман Төреғалиев – Батыс Қазақстан облысының әкімі.

Жоба өңір басшыларының қызметіне тұрғындардың көзқарасын анықтап, жергілікті басқару органдарының халықпен байланысын бағалауға мүмкіндік берді.
Еске салайық, 2023 жылы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел Үні" рейтингтік жобасы аясында Қазақстанның 20 өңір басшысының жұмысын бағалау үшін ашық дауыс беру өткізген. Дауыс беру 24 қаңтар мен 15 сәуір аралығында өтіп, қорытындысында бес әкім үздік деп танылды. "Тұрғындар үміті" номинациясында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеңімпаз атанды. Ал "Ең лайықты әкім" номинациясы бойынша Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтенов, Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ералы Тоғжанов және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев үздіктер қатарынан көрінді.
Қазақстандықтар Pinduoduo-дан дәретхана қағазына дейін алатын болған: Бұл отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етеді