Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ел Үні – 2023": Қазақстандықтар үздік әкімдерді анықтады

Stan.kz ақпарат агенттігі өңір тұрғындарының пікірін білуге ​​бағытталған әкімдердің "Ел Үні – 2023" рейтингтік жобасын ұсынған болатын. Үздік әкімдерді анықтау үшін дауыс беру 24 қаңтардан 15 сәуірге дейін қол жетімді болды. Сайыс қорытындысы бойынша 20 өңір басшысының ішінен үздік 5 әкім анықталды. 

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша "Ең лайықты", "Тұрғындар үміті" номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды. Дауыс беру нәтижелері ашық көрсетілді. 

“Қазақстандағы мемлекеттік тілдегі ең ірі онлайн-медиа Stan.kz-те өткізілген "Ел үні" рейтингі қандай да бір асыра сілтеусіз жүзеге асты. Бұл, шын мәнінде, халықтың аймақтық билікке көзқарасының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Оқырмандарымызға азаматтық белсенділігі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ, лауреаттарға марапаттау кезінде уақыт бөлгені үшін алғыс айтқым келеді және алдағы істеріне сәттілік тілеймін!”, – дейді Stan.kz даму жөніндегі директоры Шыңғыс Мәдібек. 

“Тұрғындар үміті” номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі – Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Қарағанды облысында Бөлекпаевтың бастамасымен 52  инвестициялық  жоба жүзеге асырылуда. Соның арқасында 12 мың тұрақты жұмыс орнын құрылатын болады. Сондай-ақ бүгінде Қарағанды облысының әрбір екінші экономикалық белсенді тұрғыны шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Кәсіпкерлердің 2,5 мыңнан астам жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды, билік жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 5,5 мыңға дейін өспек. 

Сонымен қатар Бөлекпаев әкім болған тұста өңір бойынша Қарағанды облысының қалаларында жол жүру ақысы арзандады. Электрондық жол жүру ақысын енгізгеннің арқасында халық қазір 160-180 теңгенің орнына екі есе арзан мөлшерде ақы төлейді. Бұнымен қоса әкім Қарағанды қаласында оқушыларға арналған тегін жол жүру жобасын енгізді. Пилоттық жоба көптеген отбасыларға өз көмегін тигізіп отыр. Сондай-ақ әкім әлеуметтік осал топ өкілдерінің балалары үшін балабақшаларда тегін тамақтану жобасы іске қосқан. 

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды да номинация жеңімпазы ретінде танылды. 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі экономиканың маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемін 5 жылда 2 есе арттырып, алғаш рет 1 триллион теңгеден асыра алды. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніне жалпы 336 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Сондай-ақ өңірде су тапшылығын шешу үшін  бірнеше су нысанының құрылысы басталып, өткен жылы 2 нысан пайдалануға берілді.  Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр. Ірі қара мал етінің үлесі – 85%, ұсақ мал 60% құрайды. Биылғы 5 айда 5 мың тонна ірі қара мал еті, 3 мың тоннаға жуық қой еті экспортқа жөнелтілді. 

Бұнымен қоса Түркістан қаласында әкім басшылығымен 570 орындық көпбейінді аурухана салу жоспарлануда. Сондай-аө облыстық балалар ауруханасы және "Ана мен бала" орталығы құрылысы жүргізілмек. Түркістан  облысында туризм саласында ауқымды жұмыс атқарылуда. Түркістан қаласында жаңа мәдени және туристік нысандар көбейіп, келушілер саны да арта түскен.Жалпы, аталған бағыттар бойынша былтыр  облысқа 470 мыңнан астам турист және 1 миллионнан визитер келді. Туризм саласына 69 млрд. теңге инвестиция тартылды. Осы арқылы 19 туристік инвестициялық жоба аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл 35 миллиард теңгеге 10 жобаның іске қосылады деп күтілуде. 

 “Ең лайықты әкім” номинациясы бойынша жеңімпаздар: 

Шымкенттің бұрынғы әкімі – Мұрат Әйтенов

Мұрат Әйтенов 2020 жылдың 21 қаңтарынан 2023 жылдың 5 қыркүйегіне дейін Шымкенттің әкімі қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде Әйтенов Шымкент бюджетін 3 есеге арттырды. 2019 жылы қала бюджеті 244 миллиард 390 млн теңге болса,  2023 жылы 645 миллиард 151 миллион теңге болды. Сонымен қатар осы уақыт аралығында Шымкент ең көп инвестиция тарта алған өңір болды. Соның арқасында бизнесті жүргізу бойынша үздік өңір болып танылып, 2022 жылдың желтоқсанында Тоқаевтың өзі Әйтеновті осы еңбегі үшін өзі марапаттады. Сонымен қатар соңғы 2 жылда Шымкент қаласының сәулеттік келбеті неғұрлым тартымды және заманауи келбетке ие болды. Қалада үшінші жыл қатарынан 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі – Ералы Тоғжанов

Ералы Тоғжановтың Ақтөбе облысының басшылығына келуімен, атқарылмай жатқан біраз түйткілді шаруаның өн бойына қан жүгіріп, сең қозғалды. Тізбелей айтсақ,  "Ақтөбе-Қандыағаш" тас жолының бір жақ беті пайдалануға берілді. Биыл 4 жолақты жолдың 80%- ын бітіріп, келесі жылы толық іске қосу көзделген. Жергілікті халық арасында наразылық тудырған 41-разъезд жолы 1 ай 24 күнде жөнделіп, жол қозғалысы қамтамасыз етілді. Бұл тұрғындарға үлкен үміт сыйлаған жобалардың бірі еді. 
Экономикалық өсімнің негізгі көрсеткіші саналатын даму бюджеті – 153 миллиард теңгеге жетті. Бұл былтырдың бюджетімен салыстырғанда 89 миллиард теңгеге көп.

Салыстыра айтсақ, былтырдың қыркүйегінде облыс бюджеті 429 миллиард теңге ғана болса, бүгінде өңір бюджеті 209 миллиард теңгеге қампайып, 638 миллиард теңгеге жетіпкен. Дер кезінде қабылданған жедел шаралар арқасында,  нақты шешімдер қабылданды. Кезек күттірмейтін күрмеулі мәселе, Ақтөбе қаласындағы 1,6 миллиард текше метр көлеміндегі газ тапшылығы болатын. Облыс орталығын қамтитын газ құбырлары сонау 60-80 жылдары салынған. Яки, көнетоз құбырдың әбден тоз-тозы шыққан. Салдарынан қазірде оның жүктемесі 175%-ға дейін жетіпті. Осы орайда құны 43,4 млрд. теңгені құрайтын "Бұқара-Орал" газ құбырының үшінші желісінің құрылысы биыл басталса, келер жылы пайдалануға беріледі. Бұл инвестициялық жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті дамыту, тұрғын үй салу және газға қажеттілік мәселесін кемінде 50 жылға дейінгі ауқымда шешуге жол ашады. 

Облыстағы күрмеулі тағы бір мәселе – Ақтөбе қаласындағы кәріз-тазарту құрылысының 80%-ға (КОС) тозуы еді. Жүргізілген келіссөздің арқасында, Еуропалық қайта құру және даму банкі қаражаты есебінен жаңа кәріз-тазарту жүйесі салынады.
Ендігі мәселе ауылдың жағдайы. Ауыл тұрғындарының  табысын  арттыруды көздейтін  "Ауыл аманаты" жобасын тиімді жүргізуге  республикалық бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөлінді. Қосымша 12,5 миллиард теңгеге Үкімет тарапынан қолдау көрсетілді. Жобаны бастамас бұрын, облыс әкімдігі ең алдымен, әр ауылға скрининг жүргізіп,  ел  тарихында  алғаш  рет  барлық 134 ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын әзірледі. Соның аясында берілген несиенің нәтижесінде бүгінде 103 мыңнан астам құс алынды, қосымша 68 жылыжай салынып, 158,6 гектар аумаққа картоп пен көкөніс егіліп, шағын бизнестің 385 жаңа жобасы жүзеге асып отыр.  

"Ауыл аманатының" аясында, қаржылық несиемен қатар тауарлық несие беру тетігі енгізілді. Тауарлық несиенің ерекшелігі – кепілге қояр мүлкі жоқ, несиелері бар, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға бюджеттің бірде-бір тиынын жұмсамай, оларды қолдау. Жобаның тағы бір үлкен ерекшелігі – кепілсіз, пайызсыз болуы және қайтарым түрі қаржылай емес, алынған төл есебінен өтелуі. Ірі  шаруа  қожалықтарының  қолдауымен  335  отбасыға осылайша 4 758 бас мал берілді. Жобаны жүзеге асыру арқылы жұмыссыздар саны 41,4%-ға, атаулы әлеуметтік көмек алушылар  саны 39%-ға азаяды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Жолдауда айтқан, "Қарызсыз қоғам" мәселесін тиімді жүргізудің таптырмас механизмі болды. Отбасының орташа табысы 182 мың теңгеден 354 мың теңгеге дейін артты. Осы тұста премьер-министр Әлихан Смайыловтың өзі “Ақтөбе облысының тәжірибесі басқаларға үлгі болуы керек” деп айтқан болатын. 

Облыс тұрғындары үнемі көтеретін басты мәселенің бірі – автожолдың сапасы еді. Өткен жылы 32 млрд.теңгеге 536 шақырым жол жөнделді. Айта кету керек, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 1,7 есеге артық қаражат қаралып, 53,5 миллиард теңгеге 872,8 шақырым жергілікті маңызы бар автожолдар жөнделеді. Бүгінгінің өзінде 400-ден астам шақырымы пайдалануға беріліпті. Бұдан бөлек ағымдағы жылы 190 шақырым республикалық жолдар жөнделуде. Жалпы облыс төңірегінде бір жыл ішінде 1062,8 шақырым жолды жөндеу жоспарда. Сондай-ақ өткен жылдың соңында өңірде битум тапшылығы қатты сезілген еді. Соның әсерінен жол жөндеуге кедергілер пайда болды. Осыдан кейін Тоғжанов қалада битум зауыты салынатынын айтты. Инвесторлар құрылысты 2024 жылы бастайды.

2015 жылдан бастап күн тәртібінде тұрған мәселе – үлескерлер проблемасы еді. Бүгінде үлескерлер қатысқан 11 үй бар. Бұл дегеніміз 3000-ға жуық адам. Бұл мәселе бойынша жедел шешім қабылданып, арнайы жол картасы бекітіліп, барлық нысан бойынша әлеуетті инвесторлар табылып, жыл соңына дейін 285 үлескердің пәтерінің құрылысы аяқталады. Қалған 255 пәтерге қатысты тиісті жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар осы көктемде Қобда ауданында 79 үй тасқын су астында қалды. 30 үйді қалпына келтіру мүмкін болмады. Тоғжановтың тапсырмасымен жаз кезінде 30 отбасы жаңа үйлерінің кілтін алды. Ералы Тоғжанов 2022 жылдың 31 тамызынан 2023 жылдың 5 қыркүйегіне дейін әкім қызметін атқарды. 

Қызылорда облысының әкімі – Нұрлыбек Нәлібаев

Биыл президентіміз бен үкіметтің сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында Нұрлыбек Нәлібаевтың ұйымдастыруымен 2023 жылғы тамыз айындағы жағдайға сәйкес облыс бюджеті 604 миллиард 100 миллион теңгеге жетті. Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда бюджет көлемі 220 миллиард теңгеге, яғни 56,2 пайызға көбейді. 

Облыс бюджетінің 64%-ы әлеуметтік салаға бағытталған. Сонымен қатар ол шикізатқа тәуелділікті төмендету мақсатында экономиканы әртараптандыруға бағытталған жобалар қолға алды. 

Индустрияландыру аясында өңірде 607,7 миллиард болатын 34 жоба жүзеге асырылуда, бұл 6,3 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Құрылыс саласына биылғы жылы 72 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа өңірде көптеген заманауи нысандар бой көтеруде. Биыл облыс көлемінде 41 миллиард теңгеге 2 мың 924 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы жылы 2 мың 430 пәтерлік 38 көпқабатты тұрғын үй халық игілігіне табысталады.

Қызылорда қаласында құны 1 млрд. 600 млн. теңгені құрайтын Неке сарайын жақын күндері пайдалануға беретін боламыз.
3 милливрд 700 миллион теңге болатын 1000 орындық Өнер орталығы алдағы желтоқсан айында, ал, сол жағалауда құны 2 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын Қан орталығы 2024 жылдың басында пайдалануға беріледі. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында алдағы 3 жылда облыста құны 100 млрд. теңгеден асатын 21 мектептің құрылысы жүргізіледі. 

Оның ішінде, 10 мектеп жақын күндері, қалған 11-і келесі жылы басталады. 2025 жылы барлығын толықтай ел игілігіне табысталады. 

Қалада дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының құрылысы басталды. Жобаның құны – 7 млрд. 900 млн. теңгені құрайды. 2024 жылы пайдалануға беріледі.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары облыста 27 денсаулық сақтау нысаны салынады. Биылғы жылы 16-ның құрылысы жүргізілуде.

Осы жылы Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Құны 36,4 миллиард теңге болатын нысанның құрылысы 2025 жылы аяқталады.

Қызылорда қаласының сол жағалауында "Көпсалалы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы" жобасы оң шешімін тауып, республикалық маңызы бар спорт ғимаратының құрылысы басталды. Жоба құны – 6 млрд. 900 млн.теңге.

Бұдан бөлек, 7 мың адамға арналған "Қайсар" футбол командасының заманауи стадионының құрылысы жақын күндері басталады. Жоба құны шамамен – 20 миллиард теңге 975 миллион теңгені құрайтын заманауи талаптарға сәйкес жаңа автовокзал құрылысы салынуда. Жыл соңында пайдалануға беріледі.

"Қазақстан темір жолы" компаниясымен бірлесіп Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 

Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту маңызды мәселелеріміздің бірі. 

Облыс халқының 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге жұмыстар жасалуда (230 елді мекеннің 198-і су жүйесіне қосылған).

Өткен жылы 6 ауылдық елді мекен көгілдір отынға қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті. Биыл 12 ауылдық елді мекенді газдандырамыз. Осылайша өңірдің газбен қамту деңгейі 75 пайызға жеткізіледі.

2022 жылы жергілікті маңыздағы 366 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өткізіліп, жақсы жағдайдағы үлесі 82 пайызды құрады, биыл бұл көрсеткішті 87,5 пайызға жеткіземіз. 

Ол үшін республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 36 миллиард теңге бөлініп (РБ – 19,6 млрд. тг, ОБ –16,4 млрд. тг), ұзындығы 569 шақырымды құрайтын автомобиль жолы жөндеуден өткізілуде. Оның ішінде, қаланың автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында барлығы 12 миллиард 473 миллион теңге бөлініп, 320 көшеге қайта жаңғырту, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау