Пайдаланушы келісімшарты

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ 

1. КЕЛІСІМШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР 

1.1. Осы пайдаланушы келісімшарты (бұдан әрі - Келісім) жүзеге асуы мақсатында келесі терминдер қолданылады: 

1.1.1. «Сайт иесі» — «Галам медиа»  (БСН 151140001193) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

1.1.2. «Сайт» - Stan.kz ақпарат агенттігі, https://www.stan.kz/, https://www.forum.stan.kz/ (Куәлік нөмірі №16903-АА). 

1.1.3. «Контент» — сайт иесі, пайдаланушылар мен үшінші тарапқа тиесілі емес немесе интеллектуалдық еңбектің нәтижесі болып табылатын дизайн, иллюстрациялар, графикалық бейнелер, фотосуреттер, сценарийлер, мәтіндер, бейне, музыка, дыбыс элементтері және/немесе басқа объектілермен бірге ұсынылатын ақпараттық, сараптамалық және өзге де материалдар. 

1.1.4. «Пайдаланушылар» — сайтта тіркелу рұқсат етілген немесе заңмен құқығы шектелмеген 16 не одан да үлкен жастағы кез келген жеке тұлға. 

1.1.5. «Тіркеу жазбасы (аккаунт)» — бағдарламалық қамтамасыздандыратын және/немесе Сайт Контентіне пікір білдірудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ететін Сайт иесінің жүйесінде сақталатын Пайдаланушының идентификациялануы үшін қажетті ақпаратты қамтитын деректер жиынтығы. Тіркеу жазбасын Сайтта тіркелу кезінде Пайдаланушы өзі жасайды. 

1.1.6. «Тіркеуді рәсімдеу» - төмендегі әдістерді пайдалана отырып, Пайдаланушының Тіркеу жазбасын рәсімдеуі: Пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі көмегімен бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе Сайт иесінің жүйесіне тіркеу үшін берілетін бір реттік парольді қамтитын қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу. 

1.1.7. «Жеке мәліметтер» - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қолжетімділігі шектеулі мәлімет ретінде жіктелген Пайдаланушы туралы (тегі, аты, телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы, тіркелу деректері: құпия сөз, логин/бүркеншік аты және т.б.) жеке мәліметтер.   

2. КЕЛІСІМ НЫСАНЫ 

2.1. Бұл Келісім Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес ашық ұсыныс болып табылады. Сайт иесі кез келген Пайдаланушыға осы Келісімге сай көрсетілген шарттар мен тәртіпке бағынған жағдайда Сайт Контенті туралы пікір білдіру үшін Сайтта тіркелуге рұқсат береді.  

2.2. Келісім пайдаланушы оның шарттарымен (акцепт) келісім білдірген сәттен бастап Есептік жазбаны тіркеу рәсімінен өту арқылы күшіне енеді, бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 396-бабының 3-тармағының мәні бойынша Сайт иесінің офертасын қабылдау (акцепт) болып табылады.

2.3. Пайдаланушы тіркелу кезінде сайтқа берілген оның жеке деректерін жинауға, өңдеуге және оларды ерекше жағдайларда және тек уәкілетті мемлекеттік органдардың талабы бойынша таратуға келіседі.

2.4. Келісімнің шарттары ешқандай ескертусіз, шектеулерсіз және ерекшеліктерсіз толық көлемде ғана қабылдануы мүмкін. Пайдаланушының өз келісімін білдіруі Пайдаланушының келісім шарттарын, оның ішінде Пайдаланушының сайтта қолданылатын тәртіп ережелерін сақтау міндетін атқаратын азаматтық-құқықтық шарт жасасуын білдіреді.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

3.1. Пайдаланушы келісім жасау үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие екеніне кепілдік береді. Егер Пайдаланушы кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа) немесе қолданыстағы заңнамада көзделген өзге мән-жайлардың туындауына байланысты толық әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, ол өз ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен заңмен талап етілетін нысанда қажетті рұқсатты өз бетінше алуға міндетті.

3.2. Пайдаланушының төмендегідей құқықтары бар: 

3.2.1. Тіркеу жазбасынан бас тартып, Келісімнің қолданысын тоқтату;  

3.2.2. Тіркеу  жазбаға кіру үшін қолданылатын пайдаланушы аты/бүркеншік ат мен парольді өзгерту; 

3.2.3. Сайттың Контентіне қатысты пікірлерді білдіру  кезінде осы Келісімнің шарттарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескеру; 

3.2.4. Жеке деректеріңізді алып тастау және оларды жоюды талап ету, Пайдаланушының тіркеу жазбасын автоматты түрде жойып, осы Келісімнің қолданысын тоқтатады. 

3.2.5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да құқықтарды жүзеге асыру. 

3.3. ПАЙДАЛАНУШЫ МІНДЕТІ:

3.3.1. Тіркеу үшін тіркелу формасына сәйкес өзі туралы ақиқат деректерді беру. Сайт иесінің Пайдаланушы берген ақпараттың шынайылығына қатысты қандай да бір күмәні болса, Сайт иесі Пайдаланушыны тіркеуден бас тартуға, уақытша блоктауға және/немесе жоюға құқылы; 

3.3.2. Тіркеу жазбасына кіру үшін пайдаланылатын логин мен парольді құпия сақтау. Логин және пароль құпия ақпарат болып табылады және қолданыстағы заңнамада және/немесе Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, еш жерде жария етілмеуі тиіс. Пайдаланушының парольді жоғалтуы және Пайдаланушының тіркелу жазбасына кіруіне байланысты кез келген талпыныстарға Пайдаланушы өзі жауап береді. 

3.3.3. Сайтта контентке түсініктеме берген кезде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, жария ақпаратты орналастыру шарттары мен ережелеріне өз әрекетін тарататын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң ұстану, сондай-ақ, Stan.kz редакция талаптарын сақтау;

3.3.4. интернет желісіндегі Келісімнің енгізілген өзгерістерін мына мекен-жай бойынша қадағалау: https://www.stan.kz/; 

3.4. Қолданушыға келесі нәрселерге тыйым салынған:

3.4.1. сайтта есепке алу деректерін, оның ішінде байланыс деректерін, басқа пайдаланушылардың немесе басқа тұлғалардың алдын ала келісімінсіз орналастыруға;

3.4.2. сайтта жеке тұлғалардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне немесе заңды тұлғалардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін хабарламаларды, түсініктемелерді, графикалық бейнелерді немесе басқа да материалдарды (оның ішінде шындыққа сәйкес келмейтін) орналастыру;

3.4.3. сайтта әдепсіз сөздер мен мән-мәтіні бар хабарламаларды, түсініктемелерді, мәтіндерді, графикалық бейнелерді немесе басқа да материалдарды орналастыру;

3.4.4. сайтта порнографиялық сипаттағы материалдарды немесе осындай материалдарды қамтитын интернет сайттарға гипермәтіндік сілтемелерді орналастыру;

3.4.5. сайт иесінің алдын ала рұқсатынсыз Сайтты қандай да бір коммерциялық мақсатта пайдалану.

4. САЙТ ИЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

4.1. Сайт иесінің мынадай құқықтары бар: 

4.1.1. Өз қалауы бойынша, кез келген уақытта осы Келісімде кез келген ережелерді (толық немесе ішінара) өзгерту, қосу, толықтыру, алып тастау немесе жоюға құқылы. Сонымен қатар, Келісімнің жаңа редакцияланған нұсқасы Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. 

4.1.2. Осы Келісімнің талаптарын және/немесе Сайтта орналастырылған ақпаратты пайдалану шарттарын бұзған жағдайда Пайдаланушыны Тіркеу жазбасынан оқшаулауға және/немесе оны жоюға, Сайт беттеріндегі кез келген Тіркеу жазбасын пайдалануға тыйым салуға құқылы. 

4.1.3. Өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Келісімнің ережелерін, өзге де  Пайдаланушылардың, және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын және/немесе бұза алатын Контент және/немесе Ақпаратты ескертусіз жоюға құқылы; 

4.1.4. Өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Келісімнің ережелерін, өзге де  Пайдаланушылардың, және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын және/немесе бұза алатын Контент және/немесе Ақпаратты ескертусіз жоюға құқылы; 

4.1.5. Өз қалауы бойынша Сайтта орналастырылған материалдарға пікір білдіру мүмкіндігін беретін техникалық бағдарламаны өшіру. 

4.1.6. Нәтижелері бойынша пайдаланушылар орналастыратын түсініктемелерді/хабарламаларды алдын ала немесе постмодерациялауды жүзеге асыру, оларды жою туралы шешім қабылдауы мүмкін.

4.1.7. Cтатистикалық деректерді жинау және пайдаланушыны сәйкестендіру мақсатында пайдаланушының сайтқа қол жетімділігінің ІP туралы ақпаратты орнату және сақтау.

4.2.  САЙТ ИЕСІ МІНДЕТТЕЛЕДІ:

4.2.1. Келісімде көрсетілген шарттарға сай  Пайдаланушыға Сайттағы Контентке пікір қалдыруға техникалық мүмкіндік беру. 

4.2.2. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі аралығында (Келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты қарастырылған жағдайларды қоспағанда) Пайдаланушының жеке деректерінің сақталуын, үшінші тұлғаларға берілмеуін, және қорғалуын қамтамасыз ету; 

4.2.3. Келісім шарттарының өзгеруі туралы ақпаратты сайтта жариялау арқылы пайдаланушыны хабардар ету; 

4.2.4. Келісімнің барлық қолданылу мерзімі ішінде дербес деректерді сақтауды жүзеге асыруға міндетті. Пайдаланушы өтініш берген кезде базадан оның барлық жеке деректерін жою.

4.3. ЖАУАПКЕРШІЛІК:

4.3.1. Сайт иесі үшінші тұлғалардың пайдаланушының есептік жазбасына кіру паролін таңдап алуына және пайдаланушының аккаунтын пайдалана отырып жасаған кез келген іс-әрекеттерге жауапты болмайды.

4.3.2. Сайт иесі сайтта жарияланған пайдаланушының пікірлері үшін жауап бермейді.

4.3.3. Сайт иесі Пайдаланушыға осы Келісімнің талаптарын бұзғаны туралы кез-келген дәлелдемелерді, құжаттарды және басқа да мәліметтерді ұсынуға міндетті емес, соның нәтижесінде Сайт иесі Пайдаланушыға немесе оның жеке функцияларына кіруге тыйым салуға немесе тоқтатуға және/немесе бұғаттауға құқылы.   

4.3.4. Сайт иесі пайдаланушының алдында сайттың жұмысындағы техникалық ақаулықтар үшін жауап бермейді.

5. КЕЛІСІМНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ

5.1. Бұл Келісім Пайдаланушы Тіркеу рәсімінің шарттарына Тіркелу процедураларын өті арқылы келісімін білдірген сәттен бастап күшіне енеді.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

«Иісі жаман екен»: Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді

Іші де шықпаған: Әйел жүкті екенін білген күні босанып қалды

Ол асқазаны ауырғаны үшін дәрігерге барып, жүкті екенін білген
Çàãðóçêà...