Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

246 миллион теңге шығын: Таразда 150 адамды алдаған алаяқтарға үкім шықты

Таразда 130 азаматты алдап соққан деген күдікпен бес айыпталушы сегіз жылдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сотта жауапкер Т.-ның сыбайластары Д., И., К. және И.-мен бірігіп, сенімсіз адамдарға онлайн сауда несиесін рәсімдеп, тауарды қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы бөтеннің мүлкін иемденгені анықталды.

Алаяқтардың айласына 130 адам алданған, келтірілген материалдық шығын 246 миллион теңгеден асады.

Сотта сотталушы Т. өз кінәсін толық мойындады, ал қалған сотталушылар өз кінәсін ішінара мойындады.

Нәтижесінде сот Т.-ны сегіз жылға, Д., К. және И.-ны әрқайсысы алты жылға, И.-ны екі жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотта айыпталушылардың жәбірленушілерге өтемақы ішінара төленгені айтылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау