"Мұндай киіммен үй жинаймын": Мақпал Жүнісова Айдана Меденованың сахналық киімін жақтырмады
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Айдана Меденованың сахналық киіміне қатысты пікір білдірді. Оның жазған пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
35 жастағы Айдана Меденова Instagram парақшасында жаңажылдық бағдарлама түсірілімінен видео жариялады. Әнші денесіне жабысып тұратын қара комбинезон киіп, сыртынан қызғылт қауырсынмен көмкерілген ұзын кардиган жамылған.
Алайда әншінің сахнаға таңдаған киімі Мақпал Жүнісоваға ұнамаған көрінеді.
“Мен мұндай шалбармен үй жинаймын”, – деп жазды халық әртісі.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Мақпал Жүнісованың пікірін қолдап, өнер адамдары сахна мәдениетіне мән беруі керек екенін айтты.

Енді бірі Айдана Меденованы жақтап, әр адамның өз қалауынша киінуге құқығы барын алға тартты.
“Өте дұрыс айтасыз”, “Сахнаны сыйламайтын өнер адамдары көбейді”, “Әдемі көйлек кисе жарасар еді”, “Айданаға бәрі жарасады”, “Голливуд жұлдыздарына ұқсайды”, “Әркім өзі қалағандай өмір сүруі керек”, – деп жазды желі қолданушылары.
Ал оқырмандардың бірі Мақпал Жүнісованың пікірін әзілге айналдырып, “Сіздің лосиніңіз сахнада хит болып жатыр ғой, әпкетай” деп жазған.

Айта кетейік, Айдана Меденова 2012 жылы “КешYOU” тобының құрамына қосылып, Жанар Дұғалова және Кәмшат Жолдыбаевамен бірге өнер көрсетті. 2015 жылы топтан кетіп, жеке шығармашылығын қолға алды. Біраз уақыт сахнадан алыстаған әнші кейінгі кезде қайтадан көпшілік алдына шығып, өнер көрсетіп жүр.
Еске салайық, бұған дейін Айдана Меденова күйеуімен ажырасқаны туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдіргені хабарланған еді. Әнші жеке өміріне қатысты ел арасында тараған әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Оның сөзінше, отбасында ажырасу туралы мәселе көтерілмеген.
Қазақстандықтар Pinduoduo-дан дәретхана қағазына дейін алатын болған: Бұл отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етеді