Қазақстан депозит мөлшерлемесі жоғары елдердің арасында алтыншы орынға шықты
Қазақстан банктеріндегі салымдардың орташа мөлшерлемесі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі мерзімсіз депозиттердің орташа жылдық мөлшерлемесі 14,2%-ға жеткен. Осы көрсеткішпен Қазақстан 27 мемлекет пен аймақ салыстырылған тізімде алтыншы орынға жайғасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депозит пайызы Қазақстаннан жоғары елдер қайсы?
Қазақстанның депозит мөлшерлемесі бойынша көрсеткіші бірқатар елден жоғары болғанымен, бес мемлекетте пайыздық мөлшерлеме бұдан да жоғары.
2025 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, депозит мөлшерлемесі ең жоғары елдер:
-
Аргентина – 45%;
-
Түркия – 43%;
-
Өзбекстан – 21%;
-
Ресей – 15,5%;
-
Мысыр – 15%;
-
Қазақстан – 14,2%.
Осылайша, Қазақстан салыстырылған 27 ел мен аймақтың ішінде алтыншы орынға тұрақтаған. Одан кейін Нигерия мен Қырғызстанда мөлшерлеме 14%, Моңғолияда 13,5%, Грузияда 10,9% болған.
Ал дамыған экономикаларда депозит пайызы әлдеқайда төмен. Мысалы, Жапонияда ол 0,6%, Еуропалық одақ елдерінде 1,8%, Чехияда 2,5%, Оңтүстік Кореяда 2,7% болған. АҚШ-та орташа мөлшерлеме 4%, Канадада 4,5% деңгейінде тіркелген.
Қазақстанда депозит мөлшерлемесі қанша?
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, 2025 жылдың соңында жеке тұлғалардың мерзімсіз салымдары бойынша орташа нарықтық мөлшерлеме 14,2% болған.
Ал 2026 жылдың үшінші тоқсанында мұндай депозиттердің орташа мөлшерлемесі 15,1%-ға жеткен. Бұл – ақшаны кез келген уақытта шешіп алуға мүмкіндік беретін салымдар бойынша көрсеткіш.
Жинақ және мерзімді депозиттерде пайыз бұдан да жоғары болуы мүмкін. Олардың кейбірінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 18%-дан асқан. Алайда мұндай салымдарда ақшаны мерзімінен бұрын алу немесе толықтыру шарттары қатаң болуы мүмкін.
Қазақстандықтар банктерде қанша ақша сақтайды?
Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттері көлемі 30,6 триллион теңгеге жуықтаған. Салымдардың басым бөлігі теңгемен ашылған депозиттерге тиесілі.
Депозит мөлшерлемелерінің жоғары болуы халықтың теңгедегі жинақтарын банктерде сақтауға ынталандыратын факторлардың бірі. Дегенмен салым таңдағанда тек пайызға емес, оның мерзіміне, ақшаны мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне және салымның қандай шарттармен толықтырылатынына да назар аудару қажет.
Айта кетейік, Қазақстан банктеріндегі халық салымдары азайған жекелеген жағдайларға қарамастан, елдегі депозит мөлшерлемелері халықаралық салыстыруда жоғары деңгейде қалып отыр. Бұған дейін Қазақстан депозит пайызы ең жоғары елдердің қатарына кіріп, 27 мемлекет пен аймақтың ішінде алтыншы орынға жайғасқаны хабарланған еді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мерзімсіз салымдардың орташа мөлшерлемесі 14,2%-ды құраған.
Қазақстандықтар Pinduoduo-дан дәретхана қағазына дейін алатын болған: Бұл отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етеді
