Швецияда қала басшысы порноактер болғаны үшін қызметінен босатылды
Швецияның Йоккмокк қаласының басшысы Ларс Эрикссонның порноиндустрияда жұмыс істегені әшкере болып, ол қызметінен босатылды. Шенеуніктің көпшілікке беймәлім өмірін журналистер анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SVT телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналистік зерттеу барысында 55 жастағы Эрикссонның 2018 жылдан бері порнофильмдерге түсіп келгені белгілі болды. Ол америкалық фильмдерге Ханс деген бүркеншік атпен қатысқан. Оның қатысуымен түсірілген екі фильм 2025 және 2026 жылдары, яғни Эрикссон муниципалитет басшысы қызметін атқарып жүрген кезде жарық көрген.

4 қарашада шенеунік қызметінен айырылды. Әкімшілік мұндай шешімді қауіпсіздік мәселесімен түсіндірген.
Олардың пікірінше, Эрикссонның бұрынғы қызметі оған қысым көрсету немесе бопсалау үшін пайдаланылуы мүмкін.
“Муниципалитеттің өзі шет мемлекеттердің, әсіресе Ресейдің, үлкен қызығушылығын тудырады. Қауіпсіздік саясаты тұрғысынан маңызды муниципалитетте осындай осал тұстың болуы қолайсыз”, – деді Уппсала университетінің әкімшілік құқық профессоры.
Алайда Эрикссон бұрынғы қызметі ешқандай қауіп төндірмейді деп есептейді. Оның айтуынша, ол соңғы рет 2022 жылы, яғни муниципалитет басшысы болып тағайындалмай тұрып порнофильмге түскен. Ал фильмдердің кейінірек жарық көруіне оның еш қатысы жоқ.
Сонымен қатар шенеунік өткен өмірін жасырмай, ашық айтып жүргендіктен, оны бұл мәселемен қалай бопсалауға болатынын түсінбейтінін жеткізген.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания ханзадасының әйелі Меган Марклдың әкесі балалар порнографиясын сақтады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік. АҚШ тергеушілері Лос-Анджелес маңындағы қоймадан табылған материалдардың шығу тегін анықтап жатыр. Меган Марклдың әкесі Томас Маркл бұл қоймалардың екеуін де 2008 жылдан бері жалға алып келген. Табылған заттардың арасында балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық бейнеленген суреттер болуы мүмкін.
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады