Қарағандыда зейнеткерді автобустан түсіріп, көкөнісін басып кеткен жүргізуші жазаланды
Қарағандыда азық-түлік салынған сөмкелері мен жәшіктерін алып жүрген зейнеткерді автобустан күштеп түсіріп, заттарын жолға тастаған жүргізуші жауапқа тартылды. Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланғаннан кейін полиция тексеру жүргізіп, 40 жастағы жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыда автобус жүргізушісінің қарт жолаушымен дөрекі сөйлесіп, оны көліктен түсіріп жібергені түсірілген видео тараған еді. Оқиға кезінде зейнеткердің жанында көкөніс пен жеміс салынған жәшіктерді болған. Жүргізуші жолаушыны автобустан түсіріп қана қоймай, азық-түлігін де жолға шығарып тастаған. Салдарынан жемістер мен көкөністер шашылып, кейбірін өтіп бара жатқан көліктер мен автобустың өзі басып кеткен.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға зейнеткердің жүгі себеп болған. Жүргізуші одан автобустан шығуды талап етіп, азық-түлік салынған сөмкелерін жолға тастаған. Оның дөрекі әрекетінен қаптамалар жыртылып, жеміс-жидек пен көкөніс жолға шашылған.

Полиция қызметкерлері №145 бағыттағы автобустың 40 жастағы жүргізушісін жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізген.
"Жиналған әкімшілік материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар ер адамға жолаушылар мен жүк тасымалдау қағидаларын сақтамағаны үшін 21 625 теңге көлемінде айыппұл салынды", – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ сот шешімі шыққанға дейін жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда автобус жүргізушісі зейнеткерді көкөнісімен бірге автобустан түсіріп тастап, кейін оның тауарын басып кеткені туралы жазған едік.
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады