Ақмола облысында мас күйде көлік жүргізген ер адам өз әйелін қағып кеткен
Ақмола облысының Аршалы кентінде мас күйде көлік жүргізген ер адам өз әйелін көлікпен қағып кеткен. Салдарынан әйелі алған жарақатынан мерт қылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Казтаг” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ВАЗ-2114 маркалы автокөлікте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде ер адам мас болған.
"Алдын ала анықталғандай, марқұмның күйеуі ВАЗ-2114 автокөлігін мас күйде басқарып, әйелді қағып кеткен. Салдарынан ол көз жұмды", – деп хабарлады полиция.
Оқиғадан соң күдікті ұсталып, қамауға алынған. Ал қазір адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық тергеу басталды.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда әйелін өлтірген ер адам сотта марқұмның өзін кінәлаған еді. Ер адам азаматтық некедегі жұбайына бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан кетіп қалған. Қайғылы жағдайға ерлі-зайыптының небәрі үш жастағы қызы куә болған. Ең сорақысы, әкесі кішкентай баланы қанға боялған анасының жанында қалдырып кеткен.
Бір бренд, бірақ Қазақстанда әлдеқайда қымбат: Zara, Adidas және Massimo Dutti тауарлары үшін неге артық төлейміз
Еуропалық брендтердің тауарлары Қазақстанда неге қымбат?
Қазақстандық жігіт ЖИ көмегімен бейнеролик жасауды үйреніп, енді айына 2 миллион теңге табыс табады
Достарына әзіл үшін видео түсірген Алиаскар Куттымурат жасанды интеллект арқылы айына 2 миллион теңге табады
