Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ондай кісіні танымаймын – Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов жайлы

Мөлдір Мұқан
Фото: Instagram.com/moldir.mt

Әнші Мөлдір Мұқан өнерге келуінің себебін айтып, бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың өзіне қатысты пікіріне жауап берді. Сондай-ақ ол алдағы шығармашылық жоспарларын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мөлдір Мұқанның айтуынша, әншілік жолды таңдауының жеке өміріне еш қатысы жоқ. Ол ешкіммен бәсекелесуді немесе біреуге өзін дәлелдеуді көздемегенін, ән айту бала күнгі арманы екенін жеткізді.

“Ешкімге ештеңе дәлелдегім келмейді. Ән айту – өзімнің арманым. Әндерім хит, өзім жұлдыз болайын демеймін, жай жан қалауыммен айтамын”, – деді әнші.

Сұхбат барысында өнер иесіне бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың “Ән айтпай-ақ қойшы” деген сөзіне қатысты сұрақ қойылды.

Алайда Мөлдір бұл тақырыпты қайта қозғағысы келмейтінін айтты.

“Тұрсынбек деген кісіні танымаймын. Маған ол тақырып мүлде қызық емес. Тұрсынбек туралы бір рет сұхбатымда айттым, сол жетті деп ойлаймын. Енді ол туралы айтқым келмейді”, – деді Мөлдір Мұқан.

Сондай-ақ өнер иесі алдағы уақытта әншілікпен ғана шектелмей, кино түсіруді жоспарлап жүргенін жеткізді. Қазір ол жаңа әндер жазып, болашақ фильміне жақсы сценарий іздеп жүр.

Бұдан бөлек, екінші қызының да өнерге бет бұрғанын айтып, оның шығармашылығына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

“Екінші қызым өнерге бет бұрды. Айымға продюсермін. Қолдауға дайынмын”, – деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқан Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасқанын мәлімдеп, отбасылық өміріне қатысты ашық сұхбат берген еді. Оның айтуынша, әзілкештің 14 жыл бұрын басқа әйелмен қарым-қатынасы басталған. Бұл сұхбат қоғамда қызу талқыланып, желі қолданушыларының бір бөлігі Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды.

Ал жақында әзілкештің екінші жұбайы Айман Талғатқызы да жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің сынына қалды. Ол заңды некені “үкіметтің бір парағы” деп атап, Тұрсынбекпен шариғат жолымен некелескенін айтты. Алайда бұл сөзі қоғамда наразылық туғызғаннан кейін жазбасының мағынасын көпшілік дұрыс түсінбегенін жеткізді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 25 Қараша, 2026 12:05