Кәсіпкерлерден ақша бопсалап, қару сақтаған: Қазақстанда қауіпті қылмыстық топтардың әрекеті әшкереленді
Қазақстанда кәсіпкерлерден ақша бопсалап, білім беру ұйымдарын да нысанаға алған қылмыстық топтар анықталды. Мұндай 440-тан астам жағдай белгілі болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz хабарлайды.
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың мәліметінше, трансұлттық сипаттағы қылмыстар бойынша 50 қылмыстық іс қозғалған. Ал қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға жол бермеу үшін шаралар қабылданған.
“Азаматтарды бопсалаудан қорғауға ерекше назар аударылуда. Полиция 440-тан астам осындай деректі анықтады. Олардың қатарында кәсіпкерлерге және білім беру ұйымдарына қатысты фактілер де бар”, – деді ол.
Биыл түрлі қылмыс жасағаны үшін 240-тан астам қылмыстық топ мүшесі жауапқа тартылған. Полиция ауыр қылмыстарға қатысы бар 40-тан астам топтың әрекетін тоқтатқан. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 380-ге жуық атыс және травматикалық қару мен 5 мыңнан астам оқ-дәрі тәркілеген. Бұдан бөлек, адам саудасына қатысты 135 қылмыс анықталған. Бұл істерден зардап шеккендерге әлеуметтік, заңдық және психологиялық көмек көрсетілген.
Қазақстандық жігіт жасанды интеллект арқылы айына 2 миллион теңге табыс табады
Достарына әзіл үшін видео түсірген Алиаскар Куттымурат жасанды интеллект арқылы айына 2 миллион теңге табады
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады
Бұған дейін де оны 3 рет зорлаған