Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы қоймалардың бірінен өрт шығып, көрші ғимараттарға таралу қаупі төнді

Алматы қойма өрт
Фото: Желі кадрларынан скрин

Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты. Ғимараттың металл қаңқасы мен арнайы панельдерден жасалған қабырғалары өртті сөндіруді қиындатып жақын маңдағы басқа қоймаларға таралу қаупі төнген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ТЖД мәліметінше, жақын маңда орналасқан қойма ғимараттарын қорғау мақсатында өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру және қорғау оқпандарын берді.

“Жалынның көрші қоймаларға таралу қаупі сейілді. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Ғимараттың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Атап айтқанда, нысанның қаңқасы металлдан жасалған. Ал қабырғалары сэндвич-панельдермен қапталған. Ғимараттың биіктігі шамамен 10 метрді құрайды”, – делінген хабарламада. 

Ведомство оқиға орнында жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді. 

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жол апатынан кейін бензин таситын көлік аударылып, өртеніп кеткен еді. Құтқарушылар көлік кабинасынан қаза тапқан ер адамның мәйітін тапты.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 25 Қараша, 2026 09:22