"Оқиғаны созып жіберген": Дархан Мұсаев Дариға Бадықованың жаңа фильміне баға берді
Танымал продюсер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың “Соңыра” фильмін көріп, алған әсерін бөлісті. Ол фильмде құтқарушылардың еңбегі жақсы суреттелгенін айтқанымен, оқиғаның тым созылып кеткенін сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актердің сөзінше, фильмді көруге әлеуметтік желідегі оқырмандардың пікірі түрткі болған.
“Парақшама жазылған кейбір пікірлерді оқысам, “Дархан түсірген фильмге бармаңдар, “Соңыраға” барыңдар” деп жатқандар бар екен. Енді, міне, көруге келдім”, – деді ол.
Фильмді көріп шыққан Мұсаев құтқарушылардың қауіпті қызметі мен жұмыстан тыс өмірі шынайы бейнеленгенін атап өтті.
“ТЖМ, өртсөндірушілер, жалпы барлық құтқарушылардың мәртебесі көтеріліп қалды деп ойлаймын. Ол кісілер басқаның денсаулығы үшін, өмірі үшін өз өмірін қатерге тігетінін керемет жеткізген. Олардың да жеке өмірі бар екенін жақсы жеткізген”, – деді Мұсабаев.
Дегенмен ол фильмнің оқиға желісі мен өрбу қарқыны көңілінен шықпағанын жасырмады. Ал актерлердің өнерін жоғары бағалады.
“Бір қысқа, жұмыр дүниені созып жіберген сияқты көрінді. Динамика жоқ. Қалай бар, солай айтып отырмын. Актерлік құрам өте мықты. Мен сіздерге көріңіздер, көрмеңіздер деп айта алмаймын. Әркім өзі шешім қабылдайды”, – деді ол.
Еске салайық, Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев шаңырақ көтергені хабарланған еді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісімен некесін қию рәсімінен видео жариялады. Алайда актер жаңа жарының кім екенін әзірге құпия ұстауды жөн көрген. Кадрларда оның есімі де, жүзі де көрсетілмейді.
Ол отбасылық өмірге қайта қадам басқанын айтып, ендігі арманы әке атану екенін де жасырмады.
Қазақстандық жігіт жасанды интеллект арқылы айына 2 миллион теңге табыс табады
