"Ендігі арманым – нәрестелі болу": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі шаңырақ көтерді
Белгілі актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев жеке өміріндегі сүйінші жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актер әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісімен некесін қию рәсімінен видео жариялады. Алайда Дархан Мұсаев жаңа жарының кім екенін әзірге құпия ұстауды жөн көрген. Кадрларда оның есімі де, жүзі де көрсетілмеген.
“Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан. Бүгін біз некеге отырдық. Құттықтап қойсаңыздар болады. Сүйінші, неке куәлігін алдық”, – деді актер.
Сонымен қатар өнер иесі кейінгі уақытта өмірінде болған өзгерістерге тоқталып, көптен бері армандаған мақсаттарының біртіндеп жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, өзі қатысқан кино жобасының түсірілімі мен монтаж жұмыстары аяқталған. Қазір фильмді еліміздің кинотеатрларында көрсетуге дайындық жүріп жатыр.
“Шүкір, уақыт өте келе тілектердің біртіндеп орындалып жатқанын көріп жүрміз. Кино түсірдік, монтаж жұмыстары толық аяқталды. Енді фильмімізді еліміздің барлық кинотеатрында үлкен экранға шығару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз”, – деп жазды актер.
Дархан Мұсаев отбасылық өмірге қайта қадам басқанын айтып, ендігі арманы әке атану екенін де жасырмады.
“Аллаға шүкір, шаңырақ көтердім. Ендігі арманымыз – нәрестелі болып, сәбидің тәтті күлкісін есту. Сол күнге де амандықпен жетсек, тіпті керемет болар еді. Кейде бір жыл бұрынғы армандарыңа бүгінгі күніңнен қарап, Аллаға шүкір айтасың. Әлі де орындалмаған талай тілек бар. Бәрі де өз уақытымен, қайырлысымен болсын!” – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың қарым-қатынасы бұған дейін де көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Былтыр күзде актрисаның бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, ажырасу себептері туралы айтып, қоғамды дүр сілкіндірді.
Сондай-ақ Дархан Мұсаев жұбайымен арасы суыған сәтті еске алып, Дариға мен Олжас Абаевтың арасында іскерліктен бөлек сезімнің барын әу бастан сезгенін айтты.
Кейінірек Олжас Абай қызу талқыға түскен Дариға Бадықованың отбасына қатысты даулы оқиғадан кейін жазба жариялады. Актриса да экс-күйеуінің мәлімдемесіне жауап беріп, бір тараптың сөзіне ғана сүйеніп, қорытынды жасайтындарды сынға алды.
Ал биыл 9 қазанда актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықоваға сырға салды. 12 қазанда жұлдызды жұп Алматы төрінде дүркіретіп той жасады.
"Бір бала жансақтау бөлімінде": Ташкентке жарысқа барған 16 бала таңғы астан уланып, ауруханаға түсті