"Намысқа тиетіндерді енді аямаймын": Дариға Бадықова желіде өзін сынайтындарға жауап берді
Продюсер әрі актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дариға Бадықова желідегі жазбасында өзін сынағандарды өз өмірлеріне үңілуге шақырып, үнсіздігін әлсіздікке баламауды сұрады.
"Менің үндемегенімді әлсіздікке, тәрбиемді қорқақтыққа баламаңдар. Үндемегенге үдемеңдер! Әр нәрсенің шегі бар! Ұнамай ма? Қарама! Жақпай ма? Жазылма! Көргің келмей ме? Парақшама кірме! Мен ешкімді өз өмірімді көруге мәжбүрлеп отырған жоқпын. Біреуді күндеудің орнына өздеріңді дамытыңдар! Өзгенің өміріне ақыл айтатындай әулие болсаңдар, алдымен өз өмірлеріңді түзеп алыңдар! Бүгін айтқан әрбір ауыр сөздерің үшін ертең жауап беретіндеріңді ұмытпаңдар", – деді Дариға Бадықова.
Актриса жазбасында біреудің жеке өмірін мазақ етіп, тағдырына сын айту дұрыс емес екенін атап өтті.

Дариға Бадықова өз табысына қатысты айтылған пікірлерге де жауап берді.
“Ақша үшін не істемейді бұлар деп ауыздарына келгенді айтатындарға: Бұл мамандыө көшеден келген жоқ. Төрт жыл академияда оқыған білімнің, жылдар бойғы маңдай тердің, табандылық пен күрестің жемісі. Байдың тамағын байғұс қызғаныпты дегеннің керін келтірмеңдер. Ақша аспаннан түскен жоқ. Біздің табысымызға тіл тигізгенше, сол деңгейге жету үшін қанша тер төгілгенін түсініп алыңдар”, – делінген жазбада.
Өнер иесі намысына тиетін адамдарға енді жауапсыз қалмайтынын айтып, өзін өзі қорғауға мәжбүр екенін жеткізді.
"Іштеріңдегі қызғанышты менің парақшама төкпеңдер! Бұл парақша менікі! Енді аямаймын намысқа тиетін адамдарды! Өзімді өзім қорғауым керек!" – деп түйіндеді Бадықова.
Еске салсақ, бұған дейін танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай үйленіп, дүркіретіп той жасағаны туралы жазған едік.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"