Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қиянатын ұмыта алмадым": Дариға Бадықованың экс-күйеуі актрисаның тойына қатысты пікір білдірді

Дариға Бадықова / Дархан Мұсаев
Фото: Instagram.com/dariga_badykova / Видеодан скриншот

Белгілі актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев “Не дейді?” бағдарламасына берген сұхбатында экс-жұбайының тойына қатысты ойын айтып, араларындағы жағдайға әлі де көңілі толмайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол бұрынғы жарына қатысты сезімі мен көңілінде қалған ренішін жасырмады. Оның сөзінше, актрисаға деген өкпесі махаббаттан емес, кезінде жасаған әрекеттеріне байланысты.

“Адамзат үш нәрсені ұмытпайды дейді ғой. Мен өзіме тиесілісін айтайын. “Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым. Ал былай Аллаға аманаттап тастағанмын, дұғамды тіледім. Қайта қуанып жатырмын, сол ғана”, – деді Дархан Мұсаев.

Сонымен қатар актер ажырасудан кейін әлеуметтік желіде өзіне бағытталған жағымсыз пікірлерге де тоқталды. Оның айтуынша, өзін сынап, ауыр сөз жазатындардың басым бөлігі әйелдер емес, ер адамдар екен.

“Көбінесе негативті жазатын ер азаматтар екен, соған жүрегім ауырды. “Бүйтіп қалдың ба, сүйтіп қалдың ба?” деп болмайтын нәрсені ер азаматтар жазады екен. Ер азаматтарымыз сондайды қойса екен. Әйелдер қауымы аз жазады, жоқтың қасы десе де болады”, –деді актер.

Дархан Мұсаев ер азаматтардың бір-біріне қолдау көрсетудің орнына, жеке өміріне қатысты орынсыз пікір жазатынына қынжылатынын білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың қарым-қатынасы бұған дейін де көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Былтыр күзде актрисаның бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, ажырасу себептері туралы айтып, қоғамды дүр сілкіндірді.

Сондай-ақ Дархан Мұсаев жұбайымен арасы суыған сәтті еске алып, Дариға мен Олжас Абаевтың арасында іскерліктен бөлек сезімнің барын әу бастан сезгенін айтты.

Кейінірек Олжас Абай қызу талқыға түскен Дариға Бадықованың отбасына қатысты даулы оқиғадан кейін жазба жариялады. Актриса да экс-күйеуінің мәлімдемесіне жауап беріп, бір тараптың сөзіне ғана сүйеніп, қорытынды жасайтындарды сынға алды.

Ал биыл 9 қазанда актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықоваға сырға салды. 12 қазанда жұлдызды жұп Алматы төрінде дүркіретіп той жасады. 

Stan.kz
Дүйсенбі, 19 Қазан, 2026 18:10