Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Rolls-Royce-пен келіп, жұлдыздарды жинаған: Дариға Бадықова мен Олжас Абай дүркіретіп той жасады

Дариға Бадықова / Олжас Абай
Фото: Instagram.com/dariga_badykova

Танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай үйленді. Олар күні кеше дүркіретіп той жасады. Жұлдызды жұптың қуанышына қазақстандық шоу-бизнес өкілдері жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде өнер иелерінің үйлену тойынан түсірілген фото-видеолар кеңінен тарады. Дариға Бадықова мен Олжас Абай салтанатты кешке сән-салтанаты келіскен Rolls-Royce көлігімен келген.

Актриса ақ түсті, жарқыраған әшекейлермен көмкерілген қалыңдық көйлегін таңдаған. Ал Олжас Абай қара костюм мен ақ жейде киген.

Тойға Ерке Есмахан мен RaiM, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали, Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова, Гүлнұр Оразымбетова, Мөлдір Мұқанова, Ләйлә Сұлтанқызы және өзге де танымал өнер иелері қатысқан.

Салтанатты кеште ән айтылып, би биленіп, түрлі ойындар ұйымдастырылған. Жас жұбайлар да ортаға шығып, қонақтармен бірге көңіл көтерген.

Тойдың ерекше сәттерінің бірі – Олжас Абайдың сүйіктісіне арнап ән орындауы. Актердің өнері көпшілікті тебіренткен. Ал жас жұбайлар той залына өздеріне арнайы жазылған әннің сүйемелдеуімен кірген.

Желі қолданушылары қос өнер иесін отбасын құруымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

“Бақытты болыңыздар!”, “Қандай әдемі жұп! Күйеу жігіттің өзін ұстауы мен Дариғаның ортаға шығуы ерекше әсер қалдырды”, “Бір-біріне сондай жарасады. Керемет жұп!”, “Дариға қандай сымбатты! Олжас та өзіне сай азамат екен. Бақытты болсын!” – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың қарым-қатынасы бұған дейін де көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Былтыр күзде актрисаның бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, ажырасу себептері туралы айтып, қоғамды дүр сілкіндірді.

 

Сондай-ақ Дархан Мұсаев жұбайымен арасы суыған сәтті еске алып, Дариға мен Олжас Абаевтың арасында іскерліктен бөлек сезімнің барын әу бастан сезгенін айтты.

Кейінірек Олжас Абай қызу талқыға түскен Дариға Бадықованың отбасына қатысты даулы оқиғадан кейін жазба жариялады.

Ал актриса экс-күйеуінің мәлімдемесіне жауап беріп, бір тараптың сөзіне ғана сүйеніп қорытынды жасайтындарды сынға алды.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 13 Қазан, 2026 10:36