Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың бұрынғы жұбайлары бірге көзге түсті
Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев пен актер Олжас Абайдың бұрынғы жары Аймира Аманның бірге түскен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік күтпеген кездесуге таңғалып, екеуінің қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам айта бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған бейнежазбада Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге жүргенін көруге болады. Әсіресе Дарханның қолындағы гүл шоғы көпшіліктің назарын аударған.
Күтпеген көрініс желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Бірі екеуін жарасымды жұпқа баласа, енді бірі олардың бірге көрінуін үнді фильміндегі оқиғаларға теңеген.
“Енді осы екеуі үйленіп кетсе, қызық болады”, “Үнді киносынан кем емес”, “Күтпеген жұп болайын деп тұр ма?”, “Әңгімелері жарасатын сияқты ғой”, “Кино болып жатыр, кино”, “Жарасымды жұп шығатын сияқты”, – деп жазды желі қолданушылары.

Дегенмен Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның арасында қандай қарым-қатынас бар екені белгісіз. Екеуі де желіде тараған болжамдарға қатысты әзірге пікір білдірмеген.
Соған қарамастан, олардың бірге көрінген видеосы әлеуметтік желідегі ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды.
Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың қарым-қатынасы бұған дейін де көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Былтыр күзде актрисаның бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, ажырасу себептері туралы айтып, қоғамды дүр сілкіндірді.
Сондай-ақ Дархан Мұсаев жұбайымен арасы суыған сәтті еске алып, Дариға мен Олжас Абаевтың арасында іскерліктен бөлек сезімнің барын әу бастан сезгенін айтты.
Кейінірек Олжас Абай қызу талқыға түскен Дариға Бадықованың отбасына қатысты даулы оқиғадан кейін жазба жариялады. Актриса да экс-күйеуінің мәлімдемесіне жауап беріп, бір тараптың сөзіне ғана сүйеніп, қорытынды жасайтындарды сынға алды.
Ал биыл 9 қазанда актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықоваға сырға салды. 12 қазанда жұлдызды жұп Алматы төрінде дүркіретіп той жасады.
Алматылықтар ONAY QR кодының істен шыққанына жаппай шағымданды: Метрополитен себебін түсіндірді