Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады

президент
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев 25-26 қарашада Мәскеуге барып, Владимир Путинмен кездеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорданың мәліметінше, Тоқаев Мәскеуге Путиннің шақыруымен жұмыс сапарымен барады. 

“Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ,  Тоқаев "Халықтық құрылысқа" бөлінген ақшаны тексеретін комиссия құрамын бекіткен еді. Енді комиссия құрылыс жобаларының орындалуын, бюджет қаражатының жұмсалуын және мемлекеттік сатып алуларды бақылап, кемшіліктерді анықтайды.  

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 25 Қараша, 2026 15:34