Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар айта береді": Айдана Меденова ажырасқаны жайлы қауесетке жауап берді

Айдана Меденова
Фото: Instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Танымал әнші, “КешYOU” тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова “Мамский әңгіме” подкастына берген сұхбатында күйеуімен ажырасқаны туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші жеке өміріне қатысты ел арасында тараған әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Оның сөзінше, отбасында ажырасу туралы мәселе көтерілмеген.

“Адамдар айта береді. Ең бастысы – үйдегі атмосфера. Ондай нәрсе болған емес, болмайды да. Айналамызда көп нәрсе орын алды. Кейбір адамдармен мүлде араласпаймыз. Менің жанымда үнемі болған тек күйеуім. Біз бір-бірімізден шаршамаймыз. Құдай сақтасын ажырасудан”, – деді әнші.

Айдана Меденова кейінгі уақытта айналасындағы адамдарға деген көзқарасы өзгергенін де жасырмады. Өмірінде түрлі жағдайлар болғанымен, қиын сәттерде жанынан табылып, қолдау көрсеткен адамның жұбайы екенін атап өтті.

Сондай-ақ әнші әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты расталмаған ақпараттың жиі тарайтынына қынжылыс білдірді. Оның айтуынша, көпшілік қауесеттің анық-қанығына көз жеткізбестен, түрлі болжам жасап жүр.

“Адамдар басқаша айтып жүр. Біз оған үйренгенбіз. Бірақ ол ақпараттың рас-өтірігін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Егер бірдеңе болса, мен өзім жазамын парақшамда”, – деді өнер иесі.

Осылайша, Айдана Меденова күйеуімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, ажырасу туралы қауесетті жоққа шығарды.

Айта кетейік, Айдана Меденова 2015 жылы продюсер Әлішер Нұржановқа тұрмысқа шыққан. Ерлі-зайыпты үш бала тәрбиелеп отыр. Әнші кейінгі жылдары отбасына көбірек көңіл бөліп, сахнадан қол үзген еді. Ал 2026 жылы шығармашылығына қайта оралды.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 03 Қараша, 2026 12:37