Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір-бірін босата білу – ең дұрыс шешім": Айдана Меденова оқырмандарын алаңдатып қойды

Айдана Меденова
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Танымал әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі Stories-інде кейде бірге қалудан гөрі, бір-біріне еркіндік беру дұрыс шешім болуы мүмкін екенін жазған.

“Кейде бірге қалу емес, бір-бірін босата білу – ең дұрыс шешім”, – деп бөлісті әнші.

Кейін Айдана Меденова тағы бір жазбасында өз жолын өзі таңдайтынын меңзеген. Осыдан кейін желі қолданушылары әншінің жеке өміріне қатысты түрлі пікір айта бастады.

Оқырмандардың бір бөлігі оның жазбасын отбасылық жағдайымен байланыстырса, енді бірі әншіден бұл сөздерінің мәнін сұраған.

Айдана Меденова
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Айта кетейік, Айдана Меденова көпшілікке KeshYOU тобы арқылы танылды. Ол кезінде топтың “алтын құрамында” өнер көрсетіп, кейін жеке шығармашылығын жалғастырды.

Әнші продюсер Әлішер Нұржановпен отбасын құрған. Ерлі-зайыпты үш бала тәрбиелеп отыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 08 Шілде, 2026 20:40