Қайрат Нұртас сахнада әкесіне еркелеп, көпшілікті сүйсінтті
Танымал әнші Қайрат Нұртастың Атырауда өткен концертінде әкесімен бірге сахнаға шыққан сәті көпшіліктің көңілін толқытты. Әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков ұлына қолдау көрсету үшін Атырауға арнайы барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен бірге сахнаға шыққан сәтінен видео жариялады. Бейнежазбада әкесінің құшағына енген Қайрат Нұртастың еркелеп тұрғанын көруге болады.
“Жан баламды қолдап, Атырауға келдім”, – деп жазды әншінің әкесі.
Бұл жазбаға Гүлзира Айдарбекова да пікір қалдырды.
Ол ұлының еңбекқорлығы, қарапайымдылығы, мейірімділігі мен қиындыққа мойымайтын мінезі әкесінен дарығанын атап өтті. Сондай-ақ осы қасиеттерінің арқасында Қайраттың 20 жыл бойы танымалдылығын жоғалтпағанын жеткізді.
“Екеуің де аман болыңдар, менің бағыма”, – деп жазды әншінің анасы.
Әке мен баланың сахнадағы жарасымды сәті желі қолданушыларын да сүйсінтті.
“Әкенің бәрі сіздей болса, нұр үстіне нұр болар еді!”, “Әкенің орны бөлек қой, қуанып көріп отырмын”, “Міне, мәдениет. Баласы әкесін құшақтап жатыр”, “Керемет, Қайраттың әкесіне еркелегені жарасады. Нұртас мырза керемет жан”, “Әке деген осы ғой. Баласы үшін жанын береді. Нұртас мырза, аман жүріңіз”, – деп жазды олар.
Айта кетейік, 22 қарашада Атырау қаласындағы Жайық мәдени-спорт кешенінде Қайрат Нұртастың шығармашылық жолының 20 жылдығына арналған “Сахнада 20 жыл” атты концерті өтті.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада өткен концертте әнші Қайрат Нұртасқа көрермендердің бірі сөмке лақтырғаны хабарланған еді. Шағын қолсөмке өнер иесінің арқасына тиген. Кадрлардан өнер иесінің оқиғаға сабырмен қарап, өзіне сөмке лақтырған көрерменге ескерту жасаған.
Қазақстандықтар Pinduoduo-дан дәретхана қағазына дейін алатын болған: Бұл отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етеді
