Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды

Әуежайда қарсы алу рәсімі
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан Ресей Үкіметінің ресми тұлғалары мен мен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев қарсы алды.

Әуежайда қарсы алу рәсімі
Фото: akorda.kz

Ақорданың мәліметінше, президент Мәскеуде AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаевтың 25-26 қарашада Мәскеуге барып, Владимир Путинмен кездесетіні туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 25 Қараша, 2026 18:47