Қазақстандық киберспортшы Molodoy қатарынан үшінші ірі турнирде чемпион атанды
Қазақстандық киберспортшы Даниил Голубенко (molodoy) өнер көрсететін бразилиялық FURIA командасы Counter-Strike 2 ойынынан BLAST Rivals Season 2 турнирінің чемпионы атанды. Шешуші кездесуде команда Team Spirit ұжымын ірі есеппен жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Турнирдің гранд-финалы 15 қарашада Гонконгте өтті. FURIA ресейлік Team Spirit командасын 3:0 есебімен жеңіп, қарсыласына бірде-бір картада басым түсуге мүмкіндік бермеді.
Ең тартысты кездесу Ancient картасында өтті. Командалар алғашқы таймды 6:6 есебімен аяқтады. Алайда екінші кезеңде FURIA қарсыласынан басым түсіп, картаны 13:11 есебімен жеңді.
Ал Dust2 картасында бразилиялық команда ойынды толық бақылауына алып, қарсыласын 13:5 есебімен ұтты. Үшінші Mirage картасында да FURIA 13:8 есебімен жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.
BLAST Rivals Season 2 турниріндегі жеңіс FURIA командасы үшін PGL Singapore Major 2026 турниріне дейінгі соңғы ірі жарыстардың біріндегі маңызды жетістік болды.
Бірінші орын үшін командаға клуб үлесін қоса есептегенде 250 мың доллар сыйақы берілді.
Бұған дейін киберспортшының екінші жыл қатарынан әлемдік турнирде жеңімпаз атанып, миллион доллар ұтқаны туралы жазған едік. FURIA командасының ойыншысы Данил Голубенко (molodoy) Thunderpick World Championship-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
