Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алкоголь деменция қаупін арттыра ма: Дәрігер зерттеу нәтижесін түсіндірді

алкоголь деменция
Фото: magnific.com

Дәрігер-нарколог Андрей Тюрин алкоголь тұтыну мен деменцияның даму қаупі арасында ғылыми байланыс бар-жоғын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігердің сөзінше, 2026 жылы жүргізілген ауқымды зерттеу алкогольдің есте сақтау мен ойлау қабілетіне әсері оны қанша мөлшерде тұтынатынына байланысты екенін көрсеткен. Алайда спирттік ішімдіктердің ми саулығына әсері тұтынылатын мөлшерге тікелей байланысты.

Зерттеу нәтижесінде күніне 50 грамнан астам таза этанол тұтыну деменцияның барлық түріне шалдығу ықтималдығын 18-29%-ға арттыратыны анықталған.

Нарколог Оксфорд университеті ғалымдарының тағы бір зерттеуіне де тоқталды. Оның нәтижелері қызыл шарап пен құрамында алкоголь мөлшері аз басқа да сусындардың ми саулығына қорғаныш әсері бар деген пікірді жоққа шығарған. Ғалымдар жүргізген генетикалық талдау алкогольдің кез келген мөлшері Альцгеймер ауруы мен деменцияның басқа түрлеріне шалдығу қаупін белгілі бір деңгейде арттыратынын көрсеткен.

Тюрин кейбір зерттеулерде алкогольді мөлшермен тұтыну когнитивті бұзылулар қаупін аздап төмендететіні байқалғанын да айтты. Дегенмен ол деменцияның алдын алу үшін спирттік ішімдіктерді тұтынуға кеңес бермейді.

"Алкогольдің қауіпсіз мөлшері жоқ. Этанол ми жасушаларының жойылуына, нейрондар арасындағы байланыстың бұзылуына және ағзадағы қабыну үдерісінің күшеюіне әкелетіні анықталған, – деп қорытындылады нарколог.

Дәрігердің сөзінше, мұның бәрі ми саулығына зиян келтіреді және деменциямен қатар, қатерлі ісікке шалдығу қаупін де арттырады.

Бұған дейін дәрігер аптап ыстықта ішу қауіпті алкогольді сусындарды атаған еді. Маманның айтуынша, алкогольдің ең зияны – тәтті алкогольді сусындар. Оның сөзінше, мұндай сусындар шөлді күшейтіп, ағзаның сусыздануына әкеледі. Сонымен қатар оларды ішу оңай болғандықтан, адам байқамай белгіленген мөлшерден көп ішіп қоюы мүмкін.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 15 Қараша, 2026 21:10