Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роналдиньо Қазақстаннан барған бүлдіршіннің тұсауын кесті: Футболшыны баланың өзі таңдаған

тұсаукесер
Фото: Видеодан скрин

Бразилия футболының аңызы Роналдиньо Қазақстаннан барған бүлдіршіннің тұсауын кесті. Бір қызығы, әйгілі футболшыны баланың өзі таңдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баланың әкесі ұлының алдына саясаткерлердің, миллиардерлер мен танымал спортшылардың суретін жайып қойған. Олардың арасында Қасым-Жомарт Тоқаев, Дональд Трамп, Илон Маск, Майк Тайсон, Геннадий Головкин, Лионель Месси және басқа да танымал тұлғалар болған. Алайда бүлдіршін суреттердің ішінен Роналдиньоны таңдаған.

Бұл оқиға мұнымен аяқталмаған. Кейін баланың отбасы Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, сол жерде Роналдиньоның өзін кездестірген. Бразилиялық футболшы қазақтың дәстүріне сай баланың тұсауын кескен.

Еске салайық, Роналдиньоның кәсіби футболға қайта оралатыны хабарланған еді. Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Италияның “Равенна” клубында өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық кәсіпкер Дінмұхамед Сыздықов әйгілі бразилиялық шабуылшы Роналдиньоның иығына шапан жапқаны туралы жазған едік. Қазақ жігіт әйгілі футболшымен көптен бері кездесуді армандап жүргенін айтқан. 

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 16 Қараша, 2026 08:20