"Ұят болды": Жолаушысын шатастырған такси жүргізушісі бес тәулікке қамалды
Астанада такси жүргізушісі вокзал маңында тұрған бейтаныс ер адамды өз жолаушысы деп ойлап, оның сөмкелерін дөрекі түрде көлігіне салған. Алайда көп ұзамай қателескенін түсінген. Ол осы үшін 5 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Астанадағы “Нұрлы жол” теміржол вокзалының автотұрағында болған.

Жүргізуші көлігінің жанынан қолына сөмке ұстаған ер адамды көріп, оны жүк салуға көмектесуін күтіп тұрған жолаушы деп ойлаған. Бұл жағдай такси жүргізушісінің ашуын келтірген. Ол көлікте отырып, телефонына видео түсірген. Жүргізуші ер адамның “әдепсіз әрекетіне” наразылығын білдірген.
Кейін көліктен түсіп, ер адамның сөмкелерін ашуланы жүріп жүксалғышқа лақтырған.
Алайда көп ұзамай әлгі адамның оның жолаушысы емес екені анықталған. Ол вокзал маңында жай ғана досын күтіп тұрған. Бұл видео әлеуметтік желіде тарап, полицияның назарына іліккен.
Құқық қорғау органдары жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе облысының тумасы, 35 жастағы Кенбай Серікбаев болып шықты.
Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жол ережелерін елемейтінін айтқан әйел жүргізуші куәлігінен айырылғаны туралы жазған едік. Ол әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережелерін әдейі бұзып, өзіне ешқандай жаза қолданылмайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін оған қатысты іс қозғалды. Тексеру барысында оның бұған дейін сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма