Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда автобус жүргізушісі рөлде есінен таннып қалған: 15 жолаушысы бар көлік ағашқа соғылып, бір адам қаза тапты

автобус ағашқа соғылып жүгізуші қаза тапты
Фото: Желі кадрларынан

Қарағанды облысының Теміртау қаласында жүргізушісі рөлде отырып есінен танып қалған жолаушылар автобусы ағашқа соғылды. 64 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Апат кезінде автобуста 15-ке жуық жолаушы болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 14 қараша күні сағат 10:30 шамасында болған. Алдын ала деректерге сүйенсек, Yutong маркалы автобусты жүргізіп келе жатқан ер адамның кенеттен жағдайы нашарлап, есінен танып қалған.

Осыдан кейін автобус қозғалысын жалғастырып, ағашқа соғылған. Апат салдарынан 64 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.

Оқиға кезінде автобустың ішінде шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, төрт адам ауруханаға түскен еді.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 14 Қараша, 2026 15:42