Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, төрт адам ауруханаға түсті
Астанада жолаушылар автобусы жаяу жүргінші қызды қағып кетті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші мен қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шеккен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнынан түсірілген видео Astanovka98 Telegram-арнасында жарияланды. Желідегі мәліметке сүйенсек, қыз жолға кенеттен жүгіріп шыққан. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем оны ауыр жағдайда ауруханаға алып кеткен.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 28 қазан күні болған.
IVECO маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен келе жатып, жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Автобустың күрт тежелуі салдарынан үш жолаушы дене жарақатын алды. Жаяу жүргінші мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Қазір аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында жеңіл көлік жолдағы жұмысшыларды қағып, бір адам оқиға орнында қаза тапқаны туралы жазған едік.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"
