"Төрт көзіміз түгел": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз бен оның ата-анасын қонаққа шақырды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Мальдив аралдарында демалып келген ұлы Қайрат Нұртастың отбасы мен келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың ата-анасын күтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің анасы әлеуметтік желідегі парақшасында қонақ күтіп жатқан сәтінен видео бөлісті.
“Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралынан демалыстан келіп, басымыз қосылып, мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт! Барлығы көріп жүрген күлімсіреу – шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді. Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға жеткілікті”, – деп жазған ол.
Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова отбасы мүшелері мен құдаларына Жаңа жылға сыйлық табыстады.
“Құдамыздың ауырып қалғанын естіп баскиім аламын шештім. Ал құдағиыма қаракүзеннің терісінен сырткиім. Жаңа түскен келінге де сыйлығымыз бар”, – деді ол.

Желі қолданушылары жазбаға жылы пікірлер қалдырып жатыр.
“Ақылды енесіз. Сізден бәрі үлгі алсын. Бәрі жарасып тұр, қандай керемет”, “Тіл-көзден сақтасын, көріп қуанып отырмын”, “Қайраттың ата-енесі үйлеріңізге келіп жақсы болыпты ғой”, “Өте қуаныштымын”, “Гүлзира ханым бәрінің көңілін тапқысы келеді”, “Қайраттың көзі бақытты болып тұр”, “Қайрат балаша қуанып жүр ғой”, “Гүлзира ханым, қандай керемет жансыз”, “Құда-құдағиыңыз өте көрегенді жандар екен”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызының туған күнін Мальдив аралдарында тойлағаны хабарланған еді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді