Енді Қазақстандағы тойларға шетелдіктер билет сатып алып қатыса алады
Енді қазақтың тойларында туыстармен қатар шетелдік туристерді де кездестіруге болады. Қазақстандық стартаптардың бірі дәстүрлі отбасылық мерекелерге билет сататын ерекше жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Онлайн платформа арқылы шетелдік қонақтар нағыз қазақы тойларға, қыз ұзату рәсімдеріне және басқа да отбасылық салтанаттарға билет сатып ала алады.
Жобаның ұраны – “Турист емес, қонақ бол”. Платформа саяхатшыларға әдеттегі экскурсиялардың орнына қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын тойға қатысу арқылы жақынырақ тануға мүмкіндік бермек. Ол үшін сайттан өздеріне қолайлы қала мен күнді таңдай алады.
Жоба авторларының айтуынша, бұл бастама қазақстандық отбасыларға той шығынының бір бөлігін өтеуге көмектессе, туристік компанияларға жаңа бағыттар мен саяхат бағдарламаларын ұсынуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Қоғам белсендісі келінді төрге отырғызуға қарсы шығып, той ережесіне өзгеріс енгізуді ұсынғаны туралы жазған едік.
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі
«Анам комада жатыр»: Жамбыл облысында әйел бұрынғы күйеуінің үйінен ауыр жарақатпен табылды
Облыстық департамент жағдайды өз бақылауына алды
