"Мұнда барлығы сатылады": Қазақстан азаматтығын сатып алғанын мәлімдеген шетелдіктің үстінен іс қозғалды
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде Қазақстан азаматтығын сатып алғанын айтқан шетел азаматтының мәлімдемесін жоққа шығарып, үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам Қазақстан азаматтығын сатып алғанын айтады. Әңгімелесуші одан елде мемлекеттік тілді білуге арналған тест болса, азаматтықты қалай алғанын сұрайды.
"Мұнда бәрін сатып алуға болады, жемқор ел", – дейді ер адам.
Кейін ол Қазақстан тұрғындарының "тамаша" әрі "қонақжай" екенін де атап өтеді.
Ішкі істер министрлігі видеодағы ер адамның жеке басы анықталғанын хабарлады.
"Ер адамның көршілес мемлекеттің азаматы екені анықталды. Тексеру барысында оның Қазақстан азаматтығын заңсыз алдым деген мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейтіні белгілі болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір шетелдік әріптестермен бірлесіп қажетті іс-шаралар жүргізілуде", – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік қазақстандықтарды тек ресми ақпараттарға ғана сеніп, тексерілмеген немесе көрінеу жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін депутаттар қазақ тілі тесті міндеттелген соң қандастар мәртебе ала алмай отырғанын айтып, Қазтестке қарсы шыққан еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
