Әнші Ақбота-Нұр Абайқызы сүйіктісімен сурет жариялап, оқырмандарын елең еткізді
Әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жұмбақ жазба жариялап, оқырмандарын қызықтырып қойды. Өнер иесі сүйіктісімен түскен суретін бөліскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақбота-Нұр Instagram парақшасында ер адаммен бірге түскен фотосын жариялады. Алайда суретте жігіттің жүзі толық көрінбейді. Әнші оның кім екенін де ашып айтпаған.
“Махаббат, JM”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары жазбадағы екі әріпке ерекше назар аударды. Кейбірі оның әнші Мирас Жүгінісовке қатысы болуы мүмкін екенін болжап, пікір қалдырған.
“Жүгінісов Мирас деп тұр ма?”, “Әнші Мирас емес пе екен?”, “Тезірек тауып қойыңдаршы”, “Мен білемін, бірақ айтпаймын”, “Кім болса да жақсы жігіт болсын”, “Бақытты болыңдар”, – деп жазды оқырмандар.
Әзірге Ақбота-Нұр суреттегі азаматтың кім екенін жариялаған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тағы да қалыңдық атанатыны хабарланған еді. Ол сұхбаттарының бірінде жақында екінші рет тұрмыс құратынын жеткізді.
“Менің басым бос емес. Жүрегімді жаулаған серігімнің кім екенін жарты жылдан кейін сұраңыздар. Сол кезде тойыма шақырамын”, – деді ол.
Әнші әңгіме барысында сүйіктісінің де сол жақта жүргенін ашық айтты. Сондай-ақ өнер иесінің сөзіне қарағанда, болашақ жары өнер жолынан аулақ.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты