Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" қорының тағы бір қызметкері ұсталды

Самұрық қазына ғимараты
Фото: sk.kz

"Самұрық-Қазына" басшылығына қатысты іс бойынша қордың тағы бір қызметкері ұсталды. Қор өкілдері департаменттердің бірінде жұмыс істейтін қызметкердің ұсталғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметкерге қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Қор департаменттерінің бірінің қызметкерінің ұсталуы оның бұрынғы қызметіне қатысты мән-жайларға байланысты. Бұл жағдай оның қазіргі лауазымдық міндеттерін атқаруына қатысы жоқ. Қазір уәкілетті органдар тиісті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр", – делінген "Самұрық-Қазына" АҚ хабарламасында.

Алайда әзірге тергеудің нақты мән-жайы мен қызметкерге тағылған айып туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Еске салсақ, 12 қарашада ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, "Қазақстан темір жолы" басшысы Елжас Отаншиевті және басқа да тұлғаларды ұстағанын растады. ҰҚК мәліметінше, олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. 

Тоқаев "Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдіріп, жағдайды "ауқымды жемқорлықтың белгісі" деп атады. 

Президент үкімет пен бақылаушы органдарға 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға және оларды азайтуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

18 қарашада сот санкциясымен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевты қамауға алынды. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 19 Қараша, 2026 20:15