Түркістан облысында төрт мемлекеттік қызметкер құмар ойын үшін қызметінен кетті

Түркістан облысында төрт мемлекеттік қызметкер лауазымдарынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыс прокуратурасы тексеру нәтижесінде Сарыағаш ауданындағы мемлекеттік органдардың жекелеген қызметкерлері заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулерді бұзып, жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысқанын анықтаған.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде төрт қызметкер атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
“Аталған әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына қайшы келеді және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлытау облысында мемлекеттік қызметтегі 10 басшы құмар ойынға бәс тіккені үшін жұмыстан босатылғаны туралы жазған едік.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"
Оқыңыз