"Ісім сенімен болсын": Дариға Бадықова өзіне тіл тигізген психологқа ашуланды
Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өзінің шамына тиген психолог Шолпан Есмағанбетованы жерден алып жерге салды. Ол алдағы уақытта психологтың өз сөздері үшін жауап беретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Психолог Шолпан Есмағанбетова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың тойына қатысты видеожазба жариялады. Видеода психолог әртістердің жеке басына тиетін сөздер айтып, желі қолданушылары мен Дариғаның өзін ашуландырып қойды.
“Тойымызға оралайық. Той қалай өтті? Масштаб қайда? Шіріген байлық қайды? Ең болмағанда Ургант қайда? Айтпақшы беташар болды ма? Болмады ма? Енді ұялған шығар. Оларға бұл некенің қажеті қанша? Оларда онсыз да атақ та, ақша, жобалар, секс, құштарлық, бәрі болды. Басқа не керек? Бұдан да керемет болу керек пе еді? Сондай-ақ құлпырып, жарқ-жұрқ еткен Дариға – белдемше киген сусиыр. Ачау, Очау әлде Очоу, мен сол күйі түсінбедім. Неге мұндай лақапат қойған? Бұл қай тілде? Ол ішіп, боқ-боқ болып жатқан еді. Құлдырау. Дәл осы сәтте Дариға келді. Ол өзінің бақыт құсын осылайша қолына қондырды”, – деп видеосынан үзінді жариялады психолог.
Ал психологтың оқырмандары мұны талдау деп қабылдады.
Әртіс өз жауабын көп күттірмеді. Қазір киномен шапқылап жүргендіктен бұл жағдайды кейінге шегеретінін айтты. Алайда психологтың бұл видеосы актрисаны ашуландырғаны анық.
“Сен кімсің? Қайдан шыққан бәлесің? Өз ана тіліңде сөйлей алмайтын дүбәрә. Менің жеке басыма тиісетін сен кімсің? Қазір қалаларды аралап қолым тимей жүр. Сен сияқтылардың талайын көріп көңіліме алмаушы едім. Ал мынауың шамыма тиді. Бізді төмендетіп өзіңе хайп жасағың келді ме? Сен сияқты бақытсыз хайпажорға көрсетемін. Кино бітсін, ісім сенімен болсын.
Желі қолданушылары әртісті жақтап, ешкімнің ешкімді балағаттап, жеке басына тиісуіне құқығы жоғын айтып жатты. Олар актрисаға істі соңына дейін жеткізіп, авторды заңмен жазалауға кеңес берді.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?