Алдағы демалыста елдең кей аймағында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
21-23 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, желдің күшеюі және тұман күтіледі. Елдің солтүстік өңірлерінде көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz.
Алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан циклондар сериясы әсер етеді. Алдымен циклондардың ықпалы елдің батыс өңірлерінде байқалып, кейін солтүстік-батыс пен солтүстік аймақтарға таралады.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік аймақтарда көктайғақ құбылыстары болжанып отыр.
“Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, елдің солтүстігінде көктайғақ болады, температуралық фонда ерекше өзгерістер күтілмейді. Тек шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады”, – деп хабарлады синоптиктер.
Еліміздің кей аймақтарында жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін. Алайда ауа температурасының айтарлықтай өзгермейді. Тек Қазақстанның шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еске сала кетейік, "Қазгидромет" қараша айына арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын жариялады. Келер айда елдің басым бөлігінде күн әдеттегіден жылы болғанымен, айдың екінші жартысында елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында түнгі аяз -18 градусқа дейін жетпек.
Мәслихат сайлауының ақшасы қайдан келеді және қайда жұмсалады