Жалған кәсіпке ақша салуды ұсынған қазақстандық келіншек 715 миллион теңгені иемденген
Жамбыл облысы полициясы жалған кәсіпке инвестиция салуды ұсынып, азаматтардың ақшасын иемденген әйелден зардап шеккендерді іздестіріп жатыр. Күдікті ойдан шығарылған бизнеске қаржы құйғандарға мол табыс уәде еткен. Алайда салымшылар ақшасынан айырылған. Әйелдің заңсыз иемденген қаражатының жалпы сомасы 715 миллион теңгеден асқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алаяқтықтың құрбаны болғандардың бірі — Шымкент қаласының 71 жастағы тұрғыны. Күдікті одан 8 миллион теңгеден астам ақша алып, салған қаражатын екі есеге жуық көбейтіп беруге уәде еткен.
Осыған ұқсас тәсілмен әйел Жуалы ауданының тағы екі тұрғынын алдаған. Тергеу мәліметінше, күдікті ақшаны үшінші тұлғалардың банк қосымшалары арқылы аударып отырған.
Қазір полиция әйелдің әрекетінен зардап шеккен басқа азаматтарды анықтап жатыр.
“Заңсыз иемденілген қаражаттың жалпы сомасы 715 миллион теңгеден асты. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтау және басқа да ықтимал жәбірленушілерді іздеу бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, күдіктіге бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты
Жақындарының сөзінше, оны сыныптасы жоғары сынптың балаларының айтуымен ұрған
Наурыздағы кездейсоқ кадр: Қазақстандық апа италиялық Vogue журналына қалай шықты
Фотографтың айтуынша, 4 жыл бойы Vogue-ға өзінің жұмыстарын жіберіп келеді