Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында 58 жастағы ер адам жасөспірімге дәрі беріп, төрт жыл бойы зорлап келген

қыз зорлық өгей әкесінің ағасы
Фото: Видеодан скрин

Қармақшыда жасөспірім қыз өгей әкесінің ағасын “бірнеше рет төсек қатынасына тартып келді” деп айыптап отыр. Қазір полиция осы істі тергеп жатыр. Жәбірленушінің айтуынша, 58 жастағы ер адам ұйықтататын дәрі беру арқылы арам ойын іске асырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жеткіншек 4 жыл бойы өгей әкесінің ағасынан зорлық көріп келгенін айтты. Оның сөзінше, ер адам азғындқ әрекетін ең алғаш рет өзінің көлігінде жүзеге асырған. Кейін бұл әрекет Қармақшы ауданындағы үйінде тағы екі рет қайталанған. Қыздың айтуынша, ер адам оған белгісіз дәрі беріп, оның ұйықтағанын күткен. Содан кейін арам ойын іске асырған. 

“Қышқыл бір дәрілер болады. Түбінде тұрды, дұрыс араластырмаған. Басым қысып ауырды. Содан төсегіме жаттым да, ұйықтап қалдым. Қасымда жатыр екен. Үсітнде майка мен іш киім ғана болды. Азанда тұрғанда астымнан қан ағып, жыныс мүшем қатты ауырды. Ол туралы да ешкімге айтпадым”, – дейді жәбірленуші. 

Бұл жағдайжы ести сала қыздың жақындары полицияға жүгінген. Алайда істің жалғасып, тергелуіне қыздың анасы қарсы болған.

“Барлығын өтірік деп айтшы деп мені 2-3 рет көндірген. Менің қызымсың ғой. Бәрібір саған ешкім сенбейді. Осы жерден қоя салайық та” деген сөздерді айтты”, – дейді қыз.

Қазір 9-сынып оқушысы екі айдан бері жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Ал немересінің жағдайына алаңдаған нағашы атасы қылмыстық істің әділ жүргізілуін талап етіп отыр. 

“Шешесі кінәлі біріншіден. Менің білетінім сол. Еркектің аты еркек бетімен жүрген. Барып қонды үйіне. Не болды сонымен? Талабымыз әділ жазасын берсін. Халықтың алдында қолымен істегенін мойынымен көтерсін”, – дейді қыздың жақыны Төйлепберген Нұрмағанбетов. 

Полиция бұл жағдайға қатысты "Зорлау" бабымен тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

 Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Әлтайдың айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арызданушы болған жағдайдың 2024 жылы болғанын айтқан. Қазір істің мән-жайы жан-жақты тексеріліп, сараптамалар тағайындалған. 

Қазір қызға орталық мамандары көмек көрсетіп жатыр. Алайда жәбірленушінің атасы қыздың мекемеде месе, өз қолында өскенін қалайтыны жеткізді. 

Бұған дейін Балқашта 13 және 15 жастағы апалы-сіңлілерді жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер ұсталғаны туралы жазған едік. Қыздардың туысы олардың бірнеше ай бойы соққыға жығылып, қорлық көргенін және жезөкшелікке мәжбүрленгенін мәлімдеді. Туысының айтуынша, қыздарды ұрып-соғып, денелерін темекімен күйдірген. Сондай-ақ видеода жасөспірімдерге есірткілік әсері бар препараттар араластырылған ішімдік ішкізіп, жыныстық қатынасқа тұсуге мәжбүрлегені айтылған.

 

 

 

 

Айым Болатқызы
Жұма, 20 Қараша, 2026 08:50