Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан аруы" Miss Universe сахнасында құны 5 миллион теңгелік қанатпен өнер көрсетті

Мисс Қазақстан
Фото: Видеодан скрин

Қазақстанның атынан Miss Universe 2026 халықаралық сұлулық байқауына қатысып жатқан Алина Ридің ұлттық киім үлгісі көпшілік көзіне түсті. Оның ерекше образындағы басты деталь – механикалық алтын бүркіт қанаттары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

21 қарашада байқау аясында қатысушылардың ұлттық киімдер көрсетілімі (National Costume Show) өтті. Алина Ри сахнаға қазақстандық SV Muse бренді әзірлеген "Алтын бүркіт: Қазақстан рухы" образымен шықты.

Костюмнің басты ерекшелігі – жайылғандағы ұзындығы 4,5 метрге жететін механикалық алтын қанаттар. Арнайы механизмнің көмегімен Алина сахнада жүргенде алтын қанаттарын жайды.

Образ авторларының идеясы бойынша, бүркіт Қазақстанның күші мен тәуелсіздігін бейнелейді. Алтын түсті кестелер елдің байлығы мен молшылығын білдіреді.

Костюмді әзірлеуге SV Muse командасы шамамен алты ай жұмсаған. Киімдегі кестелер мен 10 мыңнан астам тасты әшекейлеу жұмыстары қолмен орындалған.

Сонымен қатар образ табиғи қауырсындармен және ұзындығы бес метрлік шлейфпен толықтырылған.

Ұлттық киімді бастан аяқ жасап шығуға жарты жылдай уақыт кеткен. 

Бұған дейін "Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсеткен еді. Биыл "Ғалам аруы" халықаралық байқауында Қазақстанның намысын 23 жастағы Алина Ри қорғайды. Ол ел тарихында алғаш рет үздік 30 қатысушының қатарына еніп, тарихи нәтиже көрсетуді мақсат етіп отыр. Айтуынша сол себептен ол 30 келілік құны 5 миллион теңгеден асатын ұлттық нақыштағы костюм дайындаған.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 22 Қараша, 2026 12:39