Қазақстандық ару тарихта алғаш рет "Миссис Еуропа" байқауында жеңіске жетті
Қазақстандық ару алғаш рет "Миссис Еуропа" байқауында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Mrs Europe-2026" халықаралық байқауына Қазақстанның атынан қатысқан алматылық Светлана Петрова сайыстың бас жүлдесін жеңіп алды.
Петрова өзінің жеңісі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін біз тарихтың жаңа бетін жаздық. Қазақстан алғаш рет Mrs Europe титулын жеңіп алды. Бұл тәжді еліме алғаш болып әкелу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жеңіс – Қазақстан үшін", – деп жазды Светлана Петрова.
Байқау Эстония астанасы Таллинде өтіп, 20 қыркүйекте аяқталды. Жеңімпаздың тәжі үшін Еуропамен ғана шектелмей, 15 елден келген қатысушылар бақ сынады.

Эстонияның Gloss басылымының хабарлауынша, Петроваға Mrs. Europe Friendship 2026 арнайы атағы да табысталған.
Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл – Mrs. Europe байқауындағы алғашқы жеңіс.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы ең ықпалды 25 әйелдің аты-жөні белгілі болғаны туралы жазған едік.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар