Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының толық видеосы жарияланды

Ұшақ апат видео
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының (4K-AZ65 борты) құлаған сәті түсірілген толық видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан ұшақтың жерге жақын биіктікте ұшып келе жатқанын көруге болады. Әуе кемесі біртіндеп жерге жақындайды. Белгілі бір сәтте ғимараттардың тасасына жасырынған ұшақ кейін қайтадан кадрға шығып, жерге соғылады.

Жерге құлаған ұшақ бірден өртке оранып, көкке қою түтін көтеріледі.

Видеода бейәдеп сөздер бар!

Айта кетейік, апат 2024 жылдың соңында Ақтау маңында болды. Баку–Грозный бағытымен ұшып бара жатқан ұшақта 67 адам болған. Олардың 38-і (негізінен Әзірбайжан азаматтары) қаза тапты. Қайғылы оқиға алдында әуе кемесі Ақтау әуежайының үстінен бірнеше рет айналып өткен. Пилот 7 700 дабыл кодын беріп, қосалқы әуежайға қонуға сұрау жіберген.

Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлік пен кәсібилігі үшін наградтады.

Кейіннен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына кінәлілерді жазалауды талап еткен еді. Ильхам Алиев Әзірбайжан азаматтарының қаза болуына Ресей өкілдері кінәлі екенін сеніммен айта алатынын жеткізген.

4 ақпанда Қазақстанның Көлік министрлігі апаттың алдын ала нәтижелері бойынша есеп жариялады. Онда әуе кемесінің зақымданған және жартылай өртенген бөліктерінің фотолары, сондай-ақ төтенше жағдайдан кейінгі ұшу реконструкциясы көрсетілген. Алдын ала есепте "Ковер" жоспары жарияланған сәттегі диспетчерлер әңгімесінің фрагменті де бар.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 22 Қараша, 2026 08:26